Stihl RMA 253 Manual De Instrucciones página 308

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 42
қазақ
Сақтандыру
■ Пайдалану үшін қауіпті күйдегі аккумулятор
бұдан былай тиісінше жұмыс істей алмауы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Зақымдалмаған және жұмыс істеп тұрған
аккумулятормен жұмыс істеңіз.
► Зақымдалған немесе ақаулы
аккумуляторды зарядтауға болмайды.
► Аккумулятор ластанған немесе сулы
болса: Аккумуляторды тазалап
құрғатыңыз.
► Аккумуляторды өзгертпеңіз.
► Аккумулятор саңылауларына бөгде
заттар салуға болмайды.
► Аккумулятордың электрлік контактілерін
металл бұйымдармен жанастырмаңыз
және қысқа тұйықтамаңыз.
► Аккумуляторды ашпаңыз.
► Тозған немесе зақымдалған нұсқау
тақтайшаларын ауыстырыңыз.
■ Зақымдалған аккумулятордан сұйықтық
ағып кетуі мүмкін. Егер сұйықтық теріге
немесе бетке тисе, тері немесе бет
тітіркенуі мүмкін.
► Сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
► Егер теріге тисе: сұйықтық тиген жерді
сабындап, сумен жақсылап жуыңыз.
► Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе: көзді
кемінде 15 минут ішінде үлкен
мөлшердегі сумен шайып, содан кейін
дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Зақымдалған немесе бүлінген
аккумулятордан оғаш иіс шығуы, түтін
шығуы немесе ол жануы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Егер аккумулятордан оғаш иіс шықса
немесе түтін шықса: аккумуляторды
пайдаланбаңыз және тұтанғыш
заттардан алшақ ұстаңыз.
► Егер аккумулятор жанса: аккумуляторды
өртсөндіргішпен немесе сумен сөндіруге
әрекет етіңіз.
4.7
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Пайдаланушы белгілі бір жағдайларда зейін
қойып жұмыс істей алмауы мүмкін.
Пайдаланушы сүрінуі, құлауы және ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
308
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Жарық пен көрерлік жағдайлары нашар
болған жағдайда: көгалшапқышпен
жұмыс істемеңіз.
► Көгалшапқышты жалғыз басқарыңыз.
► Бөгеттерге назар аударыңыз.
► Көгалшапқышты төңкермеңіз.
► Жерде тік тұрып жұмыс істеңіз және
тепе-теңдік сақтаңыз.
► Шаршағандық сезінген жағдайда: үзіліс
жасаңыз.
► Еңісте қозғалған жағдайда: еңіс бойымен
шабыңыз.
► Шұғыл еңіс жерлерде шабуға болмайды.
■ Айналып тұрған пышақ пайдаланушыны
кесіп алуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы мүмкін.
► Айналмалы пышақпен
жанаспаңыз.
► Пышақ бөгде затпен бұғатталған
жағдайда: көгалшапқышты өшіріп,
сақтандырғыш кілтті суырып
алыңыз және аккумуляторды
шығарыңыз. Тек осыдан кейін
бөгде затты кетіріңіз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
пайда болуы мүмкін.
► Қолғап киіңіз.
► Жұмыста үзіліс жасаңыз.
► Қан айналымының бұзылу белгілері
пайда болған жағдайда: дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
■ Егер жұмыс барысында пышақ бөгде затқа
тисе, пышақ немесе оның бөліктері
зақымдалуы немесе жоғары жылдамдықпен
лақтырылуы мүмкін. Адамдар жарақат алуы
және материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Бөгде заттарды жұмыс аймағынан
шығарыңыз.
■ Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айыры жіберілген кезде, пышақ қысқа уақыт
айналып тұрады. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Пышақ айналуын тоқтағанша күтіңіз.
■ Айналып тұрған пышақ қатты затқа тиген
жағдайда, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқын тұтанғыш ортада өрт тудыруы
мүмкін. Адамдар жарақат алуы не қаза
табуы немесе материалдық зияннан зардап
шегуі мүмкін.
► Тұтанғыш ортада жұмыс істеуге
болмайды.
Қауіп
■ Кернеу өткізгіш сымдар бар аймақта жұмыс
істеген жағдайда, пышақ кернеу өткізгіш
сымдарға тиюі және оларға зақым келтіруі
0478-131-9862-B
loading