4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
орта әсерлерінен зақымдалса, ол жануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр
жарақат алуы және материалдық зияннан
зардап шегуі мүмкін.
► Аккумуляторды жылу және от
көзінен қорғаңыз.
► Аккумуляторды отқа тастамаңыз.
► Аккумуляторды ‑ 10 °C және
+ 50 °C аралығындағы
температура диапазонында
пайдалану және сақтау керек.
► Аккумуляторды сұйықтықтарға
батырмаңыз.
► Аккумуляторды металл бұйымдардан
алшақ сақтаңыз.
► Аккумуляторға жоғары қысым түсірмеңіз.
► Аккумуляторды микротолқын әсеріне
ұшыратпаңыз.
► Аккумуляторды химикаттардан және
тұздардан сақтаңыз.
4.6
Қауіпсіз күй
4.6.1
Көгалшапқыш
Келесі шарттар орындалған кезде,
көгалшапқыш қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Көгалшапқыш зақымдалмаған.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Басқару элементтері қызмет етеді және
модификацияланбаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтары орнатылған.
– Керек-жарақтар тиісінше орнатылған.
Сақтандыру
■ Қауіпсіздігі бұзылған күйде құрамдас
бөлшектер бұдан былай тиісінше жұмыс
істей алмайды және сақтандырғыш
құрылғылар істен шығуы мүмкін. Адамдар
ауыр немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған көгалшапқышпен жұмыс
істеңіз.
► Көгалшапқыш ластанған немесе сулы
болса: көгалшапқышты тазалап
құрғатыңыз.
► Көгалшапқышты модификацияламаңыз.
► Басқару элементтері жұмыс істемесе:
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
► Аталмыш көгалшапқыш үшін түпнұсқа
STIHL керек-жарақтарын орнатыңыз.
► Пышақты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай орнатыңыз.
0478-131-9862-B
► Керек-жарақты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта немесе керек-
жарақтың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталғандай
орнатыңыз.
► Көгалшапқыштың саңылауларына бөгде
заттар салуға болмайды.
► Кілт бекіткішінің контактілерін металл
бұйымдармен жанастырмаңыз және
қысқа тұйықтамаңыз.
► Тозған немесе зақымдалған нұсқау
тақтайшаларын ауыстырыңыз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.6.2
Пышақ
Келесі шарттар орындалған кезде, пышақ
қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Пышақ пен құрамдас бөлшектер
зақымдалмаған.
– Пышақ деформацияға ұшырамаған.
– Пышақ тиісінше орнатылған.
– Пышақ тиісінше өткірленген.
– Пышақта қылау жоқ.
– Пышақ тиісінше теңдестірілген.
– Пышақтың минималды қалыңдығы мен
минималды енінен асырылмаған,
– Өткірлеу бұрышы сақталған,
Сақтандыру
■ Пышақ қауіпсіз күйде болмаған жағдайда,
оның бөлшектері босап қалуы және
лақтырылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы мүмкін.
► Зақымдалмаған пышақпен және
зақымдалмаған құрамдас бөлшектермен
жұмыс істеңіз.
► Пышақты тиісінше орнатыңыз.
► Пышақтарды тиісінше қайраңыз.
► Минималды қалыңдығынан немесе
минималды енінен асырылған жағдайда:
пышақты ауыстырыңыз.
► Пышақты STIHL делдалына теңдестіруге
беріңіз.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.6.3
Аккумулятор
Келесі шарттар орындалған кезде,
аккумулятор қауіпсіз жұмыс күйінде болады:
– Аккумулятор зақымдалмаған.
– Аккумулятор таза және құрғақ.
– Аккумулятор жұмыс істейді және
модификацияланбаған.
қазақ
20.2.
20.2.
307