OBJ_BUCH-1688-004.book Page 312 Tuesday, July 9, 2013 11:59 AM
312 | Қaзақша
Орнату мен тасымалдау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Алдын ала ара дискісі орнатылған құрама арасы
– Алты қырлы кілт/шлицтік бұрауыш 5
– Шаң қабы 8
қосымша дөңгелек үстел арасы үшін:
– Параллельді тірек 59
– Жылжыту таяғы 60
– Төменгі ара дискісінің қаптамасы 64
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз
істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Қатты немесе икемді орнату
Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағында орнату (a –b суреттерін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 3 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
1 609 92A 0BP | (9.7.13)
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышын орнату керек.
Ол үшін құлаудан сақтайтын қысқыш 6 керек болады.
Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (с суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 8
пайдаланыңыз.
Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
– Шаң қабындағы 8 қапсырманы қысып шаң қабын жоңқа
шығатын жер үстінен 9 қаптаңыз. Қапсырма жоңқа
шығатын жердің қапсырмасын ұстауы керек.
– Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 9 шаңсорғыш
шлангін (Ø 36 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 9 қосыңыз.
Bosch Power Tools