2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың бөлек тарауларында берілген қауіпсіздік нұсқауларына қоса,
төменде берілген нұсқауларды қатаң сақтау керек.
▶ Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз! Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының
соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспапты қолданған кезде электрлік құралмен бірге берілген пайдалану бойынша
нұсқаулықты оқып шығып, барлық нұсқауларды орындаңыз.
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Сәйкес аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс күйінде
пайдаланыңыз.
▶ Аспаппен жұмыс істемес бұрын оған қызмет көрсету, материалдардан пайда болатын зияндар
мен сорғыланатын материалдарды кәдеге жарату бойынша мәліметтермен танысыңыз.
▶ Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар болған жерде
қолданбаңыз.
▶ Аспапты тек осы ақпаратпен таныс, қауіпсіз қолдану бойынша нұсқау алған және ықтимал
қауіптерді түсінетін адамдар ғана пайдалануы тиіс. Аспап балаларға арналмаған. Балалардың
аспаппен ойнамауын қадағалап отыру қажет.
▶ Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз. Қолданылмайтын аспаптар құрғақ,
жоғары орналасқан немесе жабық, балалар жетпейтін жерде сақталуы керек.
2.2
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және аспаппен жұмыс істегенде ақылды
пайдаланыңыз. Аспапты шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер
әсерінің астында болсаңыз пайдаланбаңыз. Аспаппен жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті
қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және
жеңіл респираторды киюі керек.
▶ Шаңсорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз. Дөңгелек
тежегіштері ашық болса, шаңсорғыш қозғалысы бақыланбауы мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған аспаптарды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
2.3
Ұқыпты қарау және пайдалану
▶ Ешқашан аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Қауіпті шаңды сорғылау, әсіресе шаң шығаратын электрлік құралдармен бірге қолдану
кезінде сүзгі тазалау функциясын ажыратпаңыз.
▶ Аспапты аяздан қорғау керек.
▶ Тұрақты түрде нұсқауларға сай қылшақпен су деңгейінің шектегішін қылшақпен тазалау және
онда зақымдар жоқ екенін тексеру керек.
▶ Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін орнатқанда абай болыңыз: қолдардың қысылуын және
желілік кабельдің зақымдалуын болдырмаңыз. Жарақат алу және зақымдау қаупі бар.
▶ Аспапта зақымдар жоқ екенін тексеріңіз.
аспаптардың және оңай зақымдалатын бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін
мұқият тексеріңіз.
сыналануларсыз, еркін қозғалуы керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың
дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық шарттарға сай болуы керек.
▶ Аспапты жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге
сеніп тапсырыңыз. Осылайша аспаптың қауіпсіздігін сақтау қамтамасыз етіледі.
▶ Аспапты қолданбаған кезде (жұмыс үзілістерінде), күтім және техникалық қызмет көрсету
алдында, қосалқы құралдарды алмастыру алдында немесе сүзгіні алмастыру алдында
желілік штекерді әрдайым розеткадан ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасы аспаптың кездейсоқ
қосылуын болдырмайды.
▶ Ешбір жағдайда аспапты желілік кабель артындағы басқа жұмыс орнына жылжытпаңыз.
Шаңсорғышпен электрмен қамту кабелінің үстінен өтпеңіз.
▶ Аспапты кран көмегімен тасымалдамаңыз.
318
Қазақ
Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар жоқ екенін тексеріңіз.
Аспапты әр пайдалану алдында қорғауыш
2212334
*2212334*
Олар