Тексеру (S1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Реттеу (S2 суретін қараңыз)
– Реттегіш бұранданы (56) жинақтағы арнайы
бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(16) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (12) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Қысқыш иінтіректі (41) босатыңыз.
– Тіректі (44) толығымен артқа жылжытыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын
қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы реттегеннен кейін шкаланың
(30) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (57)
стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш
индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) алып
тастаңыз.
Bosch Power Tools
– Сол жақ тіректі (29) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, тіреуіш бұранда
(59) тіректе (29) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(16) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (12) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (59) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (59) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (59) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер (42) және (31) бұрыш индикаторлары реттеу
жасалғаннан кейін шкаланың (30) 45° белгілерімен бір
сызықта тұрмаса, алдымен бір рет тік еңіс бұрышының 0°
реттеуін және бұрыш индикаторын тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышының реттеуін тексеріп
шығыңыз.
Стандартты 45° тік еңіс бұрышын (оң жақ) реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) алып
тастаңыз.
– (44) тірегін толығымен алға тартыңыз.
– Оң жақ тіректі (29) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, тіреуіш бұранда
(60) тіректе (29) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (V1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау
үстеліне (16) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (12) жатуы керек.
Реттеу (V2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (60) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (60) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (60) контргайкасын
қайтадан мықтап тартыңыз.
Қазақ | 273
1 609 92A 6SL | (16.07.2021)