– Екі жылжымалы тіреуіш планканы (7) толығымен
сыртқа тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
– Жылжымалы тұтқаны (23) қол тұтқасынан (3) ұстап, 0°
күйінен аздап солға аударыңыз және бұрау тетігін (32)
қажетті тік еңіс бұрышының диапазоны көрсетілгенше
бұраңыз.
– Жылжымалы тұтқаны (23) қол тұтқасынан (3) ұстап,
бұрыш индикаторы (28) немесе (21) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше солға немесе оңға қайырыңыз.
– Жылжымалы тұтқаны (23) осы күйде ұстап, қысқыш
тұтқаны (13) қайта бекітіңіз.
Қысқыш тұтқаның қысу күші кез келген тік еңіс
бұрышында жылжымалы тұтқаның күйін бекем ұстауы
керек.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 22,5° реттеңіз
(K суретін қараңыз)
Реттеу түймешесін (29) сыртқа толығымен тартып 90°-ке
бұраңыз. Сосын жылжымалы тұтқаны (23) қолтұтқадан
(3) жылжымалы тұтқа естіліп тірелгенше қайырыңыз.
Пайдалануға ендіру
Іске қосу (L суретін қараңыз)
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
тетігін (4) ортаға жылжытып, содан кейін
ажыратқышты (52) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (52)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (52) жіберіңіз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету
орталығына жіберу керек. Мекенжайлар: Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту тетігі(11) мен қысу тұтқасын (13) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Бекіткіш тетікті (11) және қысқыш иінтіректі
u
аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз.
Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Bosch Power Tools
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (M суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Ішпектерді алмастыру (P суретін қараңыз)
Қызыл ішпектер (9) электр құралды ұзақ пайдаланғаннан
соң тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– (53) бұрандаларын алты қырлы дөңбек кілтпен (4 мм)
(30) бұрап шығарып, ескі ішпектерді шешіңіз.
– Жаңа оң ішпекті салыңыз.
– Ішпекті (53) бұрандаларымен оң жағында бұрап
қойыңыз, ара дискісі мүмкін әрекетінің бүтін жолында
ішпекке тимейтін болуы керек.
– Жұмыс басқыштарын бірдей жаңа сол ішпек үшін де
қайталаңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималдық дайындамалар:
горизонтальды
тік қисайту
еңіс бұрышы
бұрышы
0°
0°
45°
0°
0°
45° (солда)
0°
45° (оңда)
45°
45° (солда)
45°
45° (оңда)
Минималдық дайындамалар (= барлық дайындамалар,
оларды жинақтағы қысқашпен (19) ара полотносынан оң
немесе сол жақта қысуға болады): 145 x 306 мм
(Ұзындығы x Ені)
Максималдық кесік тереңдігі (0°/0°): 100 мм
Қазақ | 289
Биіктігі x Ені
[мм]
80 x 306
80 x 216
54 x 296
30 x 296
54 x 208
30 x 208
1 609 92A 5U5 | (01.10.2020)