OBJ_BUCH-2482-003.book Page 181 Friday, December 9, 2016 12:33 PM
Ажарлауыш құралдарын орнату
Жалпы нұсқаулықтар
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралын ажыратудан алдын тоқтан
шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының
байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
– Тегістеу шпинделін 3 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Ажарлау шеңберін орнату (C суретін қараңыз)
Пайдалануға ендіру
– Жарамды қорғағыш қаптама орнатылғанына көз
жеткізіңіз ("Қорғаныш жабдықтарын орнату", 180-бетті
қараңыз).
– Тірек фланецін 10 тегістеу шпинделіне 3 қойыңыз.
– Керекті ажарлау аспабын 11 (ажарлау шеңберін)
дұрыс айналу бағытына сай ажарлау шпинделіне 3
салыңыз.
– Қысқыш шеңбер 13 пен қысқыш сомынды 12
шпиндельге орнатыңыз.
– Қысқыш сомынды аоты қырлы торцтық кілтпен 20
берік тартыңыз, бұл кезде айыр кілтпен ажарлау
шпинделінің 3 кілт аймағында тіреп тұрыңыз.
Шығару
– Ажарлау шпинделін 3 айыр тәрізді кілтпен кілт
аймағында қысыңыз.
– Қысқыш сомынды 12 алты қырлы торцтык кілтпен 20
ажаплау шпинделінен бұрап алыңыз, бұл кезде айыр
кілтпен кілт аймағында тіреп тұрыңыз.
– Тегістеу құралын, әрі қысқыш шеңберді, ажарлау
аспабын тірек фланецін тегістеу шпинделінен
шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Энергия қорегіне қосылу
Электр құралын пайдалану үшін жиілік түрлендіргіші
керек болады, ол 3 фазалық тоқты зауттық тақтайшада
көрсетілген жиілікпен өндіреді.
Жиілік түрлендіргіші түрлі өлшемдерде, түрлі жиіліктерде,
екінші кернеу мен атаулы қуаттарда болады. Жиілік
түрлендіргішін таңдау қосылатын электр құралына
байланысты. Жиілік түрлендіргішін таңдау үшін Bosch
дилеріне хабарласыңыз.
Электр құралын төрт метрлік арнайы кабель штекерсіз
аласыз. Оны іске қосу үшін арнайы кабельді төрт полюстік
CEE штекермен (жасыл түсте) жабдықтау керек.
Бұдан басқа электр құралын артық жүктелуден сақтау үшін
стандартты қозғалтқышты қорғау өшіргішімен жабдықтау
мүмкін. Осы қозғалтқыш қорғау өшіргішінің реттеу аймағы
электр құралының атаулы тоғын қаптауы керек
("Техникалық мәліметтер" қараңыз). Қозғалтқыш қорғау
өшіргіші бір секунддан тез істеп кетуі керек.
Ол үшін қозғалтқыш қорғау өшіргішінің пайдалану
нұсқаулығындағы қауіпсіздік нұсқаулары мен орнату
нұсқауларын орындаңыз!
CEE штекерін орнату (D1–D2 суреттерін қараңыз)
– Екі бұранданы 16 босатып штекерді 15 CEE шткерінің
18 корпусынан тартып алыңыз.
– Пластмассалық қондырманы 19 электр құрылғының
арнайы кабель диаметріне сай кесіп CEE штекер
корпусын арнайы кабельден өткізіңіз.
– Төрт тарамды тарту күшін кемейткішінен 14 өткізіп
апарыңыз.
– Төрт кіші бұранданы 17 штекер жинағында 15 босатып
қоңыр L1 тарамының ұштық жалғастырғышын L1
контакттік ұяшығына,
көк L2 тарамының ұштық жалғастырығышын L2
контакттік ұяшығына,
қара L3 тарамының ұштық жалғастырғышын L3
контакттік ұяшығына
және жасыл-сары тарам
ұштық жалғастырғышын
қорғау контакттік ұяшығына
салыңыз.
– Төрт кіші бұранданы 17 штекер жинағында 15 қайта
бұрап төрт тарамды бекітіңіз.
– Сосын 14 тарту күшін кемейтіргішін бүтін кабель
кабель қабығымен тарам ұштық жалғастырғыштарында
тарту пайда болмайтын етіп бұрап бекітіңіз.
– Штекер жинағын 15 қайта CEE штекердің 18 корпусына
салып екі бұранданы 16 қайта бұрап қойыңыз.
– Сосын қорғауыш сымдың дұрыс істегенін тексеріңіз.
– Электр құралының CEE штекерін 18 жиілік
түрлендіргішінің қосу ұяшығына салыңыз.
Енді жиілік түрлендіргішін энергиямен жабдықтау
жүйесіне қосу мүмкін.
1 609 92A 36N | (9.12.16)
Қaзақша | 181