Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 256
Мақсатына сəйкес қолдану ............................... 256
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 256
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 256
Жеткізілім жиынтығы ......................................... 256
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 256
Құрылғының сипаттамасы................................. 257
Орнату ................................................................ 257
Электр желісіне қосу.......................................... 258
Суды қосу ........................................................... 258
Қолдану .............................................................. 258
Қолмен басқарылатын шланг шарғысы ........... 258
Автоматты шланг шарғысы ............................... 258
Пайдалану .......................................................... 259
Тасымалдау........................................................ 260
Сақтау ................................................................. 260
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 260
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 262
Кепілдік ............................................................... 263
Declaration of Conformity .................................... 263
Tехникалық мағлұматтар .................................. 264
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет қолданбас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі
түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да əрі қарай пайдалану немесе келесі
иесі үшін сақтап қойыңыз.
Мақсатына сəйкес қолдану
Бұл жоғары қысымды тазалағышты тек келесі
жұмыстар үшін пайдаланыңыз:
● Тазалау құралдарынсыз жоғары қысымды
ағынмен тазалау (мысалы, қасбеттер,
террассалар, бақша құрылғылары)
● Төмен қысымды ағынмен жəне керек-жарақ
ретінде қол жетімді шыныаяқты көбік саптамасы
бар тазалау құралымен тазалау
(мысалы, машиналарды, көліктерді,
құрылымдарды, құралдарды)
Қатты кірді кетіру үшін арнайы керек-жарақ ретінде
роторлы саптаманы пайдалануды ұсынамыз.
HD...Plus нұсқасында роторлы саптама жеткізілім
көлеміне кіреді.
Құрылғыны Servo Control керек-жарақтарымен
қолдануға болады.
Сумен жабдықтауға арналған шекті
мəндер
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Ластанған су
Құрылғыдағы мерзімінен бұрын тозу немесе
шөгінділер
Құрылғыны шектеулерден аспайтын таза сумен
немесе қайта өңделген сумен ғана қамтамасыз
етіңіз.
Сумен жабдықтауға келесі шекті мəндер
қолданылады:
● pH мəні: 6,5–9,5
256
● Электр өткізгіштігі: Тұщы судың өткізгіштігі
+ 1200 мкС/см, максималды өткізгіштік
2000 мкС/см
● Тұндырғыш заттар (сынама көлемі 1 л, тұндыру
уақыты 30 минут): < 0,5 мг/л
● Сүзілетін заттар: < 50 мг/л, абразивті заттар жоқ
● Көмірсутектер: < 20 мг/л
● Хлорид: < 300 мг/л
● Сульфат: < 240 мг/л
● Кальций: < 200 мг/л
● Жалпы кермектік: < 28 °dH, < 50° TH, < 500 ppm
(мг CaCO
/л)
3
● Темір: < 0,5 мг/л
● Марганец: < 0,05 мг/л
● Мыс: < 2 мг/л
● Белсенді хлор: < 0,3 мг/л
● Жағымсыз иіс жоқ
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жиынтығы
Құрылғы қаптамасын ашқан кезде жинақтың
толықтығын тексеріп алыңыз. Керек-жарақтар
жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар
тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
● Құрылғыны бірінші рет пайдаланбас бұрын
5.951-949.0 қауіпсіздік нұсқауларын оқып
шығыңыз.
● Сұйық ағынды сорғыларға қатысты ұлттық
ережелерді сақтаңыз.
● Ұлттық жазатайым оқиғаларды болдырмау
ережелерін сақтаңыз. Сұйық ағынды
сорғыларды үнемі тексеріп тұру керек. Тексеру
нəтижесі жазбаша түрде ресімделуі керек.
● Құрылғыға жəне керек-жарақтарға ешқандай
өзгерістер енгізбеңіз.
Қазақша
бөлшектер