▶ Құрылғы немесе желілік кабель зақымданған жағдайда, желі
кабелінің ашасын розеткадан дереу шығарып алыңыз немесе
сақтандырғыш блогындағы сақтандырғышты өшіріңіз.
▶ Қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. → Бет171
▶ Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген
мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз.
▶ Құрылғыны сыртқы қосқышпен, мысалы, таймермен немесе
қашықтан басқару пультімен жабдықтауға тыйым салынады.
▶ Құрылғыдағы жөндеу жұмыстарын тек білікті мамандар
орындай алады.
▶ Құрылғыны жөндеу үшін тек түпнұсқа бөлшектері ғана
пайдаланылуы мүмкін.
▶ Осы бұйымның желі кабелі бұзылып зақымданған күйде болса,
қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы
немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы
арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам
тарабынан ауыстырылуы қажет.
▶ Құрылғыны немесе желіге қосу сымын ешқашан суға
батырмаңыз немесе ыдыс жуғыш машинаға салмаңыз.
▶ Құрылғыны тек жабық бөлмелерде пайдаланыңыз.
▶ Құрылғыға қатты жылудың немесе ылғалдың тиюіне жол
бермеңіз.
▶ Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе жоғары
басымдылықты булап тазартқышты пайдаланбаңыз.
▶ Еш жағдайда желі кабелін ыстық құрылғы бөліктеріне немесе
жылу көздеріне тигізбеңіз.
▶ Желі кабелін өткір ұштарға немесе шеттерге тигізбеңіз.
▶ Желі кабелін бүкпеңіз, баспаңыз немесе өзгертпеңіз.
▶ Еш жағдайда құрылғыны ыстық беттердің үстіне немесе
жанына қоймаңыз.
▶ Қол, шаш, киім мен басқа да жабдықтарды айналып тұрған
бөліктерден алшақ ұстаңыз.
▶ Саптамаларды жетек тоқтағанда және құрылғы шығарылғанда
ғана енгізуге және шығарып алуға болады.
▶ Толтыру науасына қол сұқпаңыз.
▶ Таптауышты тек ингредиенттерді салу үшін пайдаланыңыз.
Қауіпсіздік kk
165