LEITZ iLAM OFFICE PRO A3 Manual De Instrucciones página 49

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 14
Ламинаторды орнату және қосу
(1 + 2)
• Ламинаторды розеткаға жақын жерге және жазық
беткейге орналастырыңыз (мысалы, үстелдің үстіне) 1 .
Құрылғының артынан жеткілікті бос орын қалдырыңып,
ламинатталатын заттың бөгеліп қалмауын және жылдам
алынуын қамтамасыз етіңіз.
• Қуат сымын розеткаға жалғаңыз.
• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін ҚОСУ күйіне қойыңыз 2 .
• Артқы кіріс қосқышы қосылған кезде қосу/өшіру
индикаторы қызыл түспен жанады. Одан кейін
80/100/125/175 мәндерінен қажетті қалта қалыңдығын
таңдаңыз. Шам жыпылықтап, дайын болған кезде
дыбыстық сигнал береді және жасыл түспен жанып тұрады.
Құжатты қалтаға салу 3
• Құжатты ламинаттау қалтасына салыңыз. Бекітілген
шетіне дәлдеп, сол және оң жақ шеттерінің бірдей
болуын қадағалаңыз.
Тымүлкен қалталарды ламинаттау аяқталғаннан кейін
кесіп, өлшемін азайтуға болады.
Ламинаттау 4
• ҚУАТ/ӘЗІР индикаторының шамы жасыл болып
жанғанда, қалтаны бекітілген жағымен енгізіп, ішіне
қарай татылуына мүмкіндік беріңіз.
Ламинатталған құжат шығыс саңылауынан автоматты
түрде шығарылады.
Ламинатталған құжатты суыту 5
• Ламинатталған құжатты алып, жазық беткейде бір
минуттай қалдырып, суытып алыңыз.
• Құжаттарды ламинаттау аяқталғанда, ламинаторды өшіріңіз.
Қағаз тұрып қалған қалатын тазалау 6
Ламинаттауға жарамсыз материалдар құрылғыны бітеп
тастауы мүмкін.
НAЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ламинатордың бұзылып қалуына жол
бермеу үшін, қалтаны құрылғыны өшіруге дейін алу қажет.
• Басқару панелінің шеткі оң жағындағы кері өткізу
түймесін басыңыз, сонда ламинат шығарылады.
• Бітеліп қалған қалтаны алған соң, «Күтім жұмыстары»
бөлімінде сипатталғандай, біліктерді тазалаңыз.
'Auto Shut-off' функциясы 7
Егер құрылғы 30 минут бойы жұмыс істемей тұрса, «Автоматты
өшіру» функциясы құрылғыны күту режиміне ауыстырады.
Құрылғымен жұмыс істеу үшін, кез келген түймені басыңыз
немесе қуат қосқышын бұраңыз.
Күтім жұмыстары
Құрылғының ішінен жабысқақ заттарды алу үшін, біліктерді
төмендегі әдіспен тазалаңыз:
• Ламинаторды қосыңыз. Индикатор шамдарының жасыл
болып жануын күтіңіз.
• Қолданылмаған парақты бүктеңіз (80 г/шаршы метр).
• Қағазды бүктелген жағымен кіріс науасына 3–5 рет кіргізіңіз.
Корпусын тазалау:
• Қуат ашасын суырып, құрылғының сууын күтіңіз.
• Сыртын жұмсақ, ыдыс жуғыш затпен суланған
шүберекпен сүртіңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы
2 жыл кепілдік
Leitz құрылғылары 2 жылдық кепілдікпен сатылады. Кепілдік
мерзімінің шарттары:
1. Әр құрылғының материалы және/жасалуына сатып алған
мерзімнен бастап 2 жыл кепілдік беріледі.
2. Құрылғылар тұтынушының орын алған ақаулық туралы
жазбаша мәлімдемесі және сатып алынған мерзімінің
дәлелінсіз қабылданбайды.
3. Құрылғыларды жөндеуге жібергенде Leitz компаниясына
тиісті орамымен жіберу қажет. Құрылғыны жеткізу кезінде
орамы дұрыс болмағандықтан орын алған бұзылу
жағдайлары үшін Еsselte жауапкершіліктен бас тартады.
4. Барлық бөлшектері мен құрылғыға қажетті жұмыс
шығындарына жабдықтаушы жауапты болады. 2 жылдық
кепілдік шарттары:
– Құрылғы жабдықталған қолдану нұсқауларға сай
қолданылуы тиіс.
– Егер кепілдікті қолдану қажет болса, құрылғыны Leitz
компаниясына қайтарып, жеткізу шығынын көтеру қажет
болады. Leitz жеткізу кезінде орын алған жоғалу немес
бұзылу жағдайларына жауапты емес.
– Ақаулар қандай да апат, дұрыс қолданбау, өзгерту немесе
немқұрайдылық себебінен болғаны анықталса, кепілдік
қолданылмайды.
– Leitz компаниясы құрылғының және оның жабдықтарының
ақаулықтары салдарынан болған бұзылу немесе жоғалу
жағдайларына жауапты емес.
– Бұл кепілдік сіздің заңдық құқықтарыңызға әсер етпейді.
Кепілдік
Осы құрылғының жұмысына қалыпты пайдаланылған
жағдайда сатып алған күннен бастап екі жылға кепілдік
беріледі. Кепілдік мерзімі кезінде ACCO компаниясы өз
қарауымен ақаулы құрылғыны тегін жөндейді немесе
ауыстырады. Дұрыс пайдаланбаудан немесе тиісті емес
мақсаттар үшін пайдаланудан туындаған ақаулар кепілдікте
қамтылмайды. Сатып алу күнінің дәлелі талап етіледі, ACCO
компаниясы рұқсат етпеген адамдар тарапынан жасалған
жөндеулер немесе өзгертулер кепілдікті жарамсыз етеді.
Өнімдеріміздің көрсетілген техникалық деректерге сай болуын
қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Бұл кепілдік тауарларды
сатуды басқаратын қолданыстағы ұлттық заңнамалар аясында
тұтынушылар иеленетін заңды құқықтарға әсер етпейді.
KK
49
loading