Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар; Электр Құралдары Үшін Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Жалпы Нұсқаулар - Hilti AG 100-7 Manual De Instrucciones Original

Ocultar thumbs Ver también para AG 100-7:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 48
Өнім туралы мәліметтер
Бұрыштық тегістеу
машинасы
Буын
Сериялық нөмір
2 Қауіпсіздік
2.1 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Келесі тарауда берілген қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
қабылданған нормаларға сай келтірілетін электр құралдарын пайдалану кезіндегі жалпы қауіпсіздік
шараларының барлығын қамтиды. Осыған байланысты осы аспапқа қатысты емес ережелер бар болуы
мүмкін.
2.1.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Бұдан әрі қолданылатын «электр құрал» термині электр желісінен (желілік кабельмен) және аккумуля-
тордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралға қатысты.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауына рұқсат
етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп қою
немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Кабельді жоғары темпера-
туралардың, майдың, үшкір жиектердің немесе электр құралдың айналатын түйіндерінің
әсерлерінен қорғаңыз. Кабельдің зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының
соғу қаупі артады.
▶ Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш кабельді
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралды
248
AG 100-7 (S/D)
AG 100-8 (S/D)
AG 115-7 (S/D)
AG 115-8 (S/D)
03
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido