OBJ_BUCH-716-005.book Page 246 Wednesday, December 3, 2014 11:12 AM
246 | Қaзақша
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Назарыңызда болсын! Күту немесе тазалау
жұмыстарын өткізу алдынан электр бұйымды
өшіріп, электр ашасын розеткадан шығарып
алыңыз. Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып,
кесіліп немесе оралып қалғанында да
жоғарыдағыдай әрекеттеніңіз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Ескертпе: Электрбұйымды ұзақ уақыт бойы айнымас
түрде қолдана алу үшін төмендегі күтім жұмыстарын үнемі
өткізіңіз.
Шынжырлы арада бос, шығып тұратын не бөлініп қалған,
немесе зақымданып бұзылған ара шынжыры, бос
бекітулер мен тозып кеткен немесе зақымданып бұзылған
құрастыру бөлшектері сияқты көзбен көрінетін
ақаулықтары бар не жоқ болуын үнемі тексеруіңіз лазым.
Ара шынжырын шешкен кезде, оның алдымен шынжырды
тарту шеңберімен 13 босатылғанына көз жеткізіңіз.
Босатусыз шешу араны зақымдауы мүмкін.
Электрбұйымның жапқыштары мен қорғау жүйелерінің
бұзылмаған қалыпта болып, дұрыс
орналастырылғандарын тексеріңіз. Керек болса, қолдану
алдынан керекті күту немесе жөндеу жұмыстарын
өткізіңіз.
Ескертпе: Шынжырлы араларды жіберуден алдын май
багін босатыңыз. Ол үшін торшаны бактен шығарып, оны
босатыңыз да, торшаны қайта салыңыз.
Ара шынжыры мен шапқыны ауыстыру/бұру (А
суретін қараңыз)
Ара шынжыры мен шапқыны „Ара шынжырын керу"
тарауына сай тексеріңіз.
Шинаның бағыттауыш ойығы уақыт өте тозады.
Шынжырды алмастыруда шинаны 180° бұрап, тозуды
теңестіріңіз. Шынжырды тарту жұдырықшасын 22 шинада
шешіп қайта орнату керек болады.
Шынжыр дөңгелегін 18 тексеріңіз. Ол шамадан артық
жүктелу арқылы тозып немесе зақымданып бұзылған
болса, оны техникалық қызмет көрсету және жөндеу
орталығы арқылы ауыстыртып алу қажет.
Ара шынжырын қайрау
Ара шынжырын Bosch электр құралдары үшін өкілетті
қызмет көрсету орталығында қайрау қажет. Bosch
шынжырды өткірлеу құрылғысымен немесе дремель
мульти 1453 ажарлау жинағымен шынжыр өзін – өзі
өткірлеп қайрауы мүмкін. Оның ажарлау нұсқаулығын
ескеріңіз.
1 609 92A 11D | (3.12.14)
Май автоматика жүйесін тексеру
Араны қосып, оны ұшымен картонға не қағазға қарай
қарата отырып, араны жерде ұстап тұрып, автоматтық
шынжыр майлау жүйесінің істеп тұрғанын тексеруіңізге
болады. Жерді арамен түртпей, 20 см қауіпсіздік
аралықты ұстанып отыруыңыз лазым. Осы әрекет
барысында үлкейіп тұратын май іздерінің көрінуі май
автоматика жүйесінің мінсіз түрде жұмыс істеп тұрғанын
білдіреді. Май резервуары толы болып тұрғанына
қарамастан ешбір май іздері көрінбесе „Қателерді
белгілеу" тарауын оқыңыз немесе Bosch компаниясының
техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Жұмыстан кейі/Сақтау
Шынжырлы араның пластмассадан жасалған тұрқысын
жұмсақ қылшақ пен таза жүберекпен тазалаңыз. Су,
еріткіш және тегістеу бұйымдарын қолданбаңыз. Лас пен
кірді, әсіресе қозғалтқыштың желдету саңылауларындағы
кір мен ласты, толығымен кетіріңіз.
Жұмысқа 1 – 3 сағат бойы қосылып тұрғаннан кейін
жапқышты 15, шапқыны 11 және ара шынжырын 10
бөлектеп шығарып, оларды қылшақпен тазалаңыз.
Жапқышты 15, шынжыр дөңгелегі 18 мен шапқы
бекітілуін қылшақпен барлық жабысып қалған заттардан
тазалаңыз. Май бүріккішін 19 таза бір шүберекпен
тазалаңыз.
Егер шынжырды тарту механизмі 15 қысылса, қақпақты
27 ашып тарту тұтқасы 14 мен шынжырды тарту шеңберін
13 бір біріне қарсы бұраңыз, механизм ішіндегі қаттар
босалып төмен түсуі керек. Қаптаманы 15 жай қағыңыз.
Механика қатты жабысқан болса тазалау үшін жұмсақ
қылшақ немесе сығылған ауа пайдаланыңыз, бірақ
ешқашан кез келген аспапты пайдаланбаңыз. (J суретін
қараңыз)
Шынжырлы араның ұзақ уақыты бойы сақталып тұруы
қажет болса, ара шынжырын 10 және шапқыны 11
тазалап алыңыз.
Шынжырлы араны қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Шынжырлы араның әрқашан май резервуары
қақпақшасын 4 жоғарыға қарата қойып, көлденең
қойылуына назар аударыңыз.
Электрбұйымды сатылған қорабында сақтауда май
резервуарын толығымен босатып алуыңыз қажет.
Керек-жарақтар
Ара шынжыры
350 мм шина үшін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 239
400 мм шина үшін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 240
Ара шынжыры бар шапқы
350 мм . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 241
400 мм . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . F 016 800 242
Bosch Power Tools