Zanussi ZFG21110 Manual De Instrucciones página 71

Ocultar thumbs Ver también para ZFG21110:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 161
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті
электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне
көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге
хабарласыңыз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына жəне сымына
зақым келтірмеңіз. Зақым келген электр
сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
тартып суырыңыз.
Қолданылуы
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
күйіп қалу немесе электр тоғының
қатеріне ұшырау немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз.
www.zanussi.com
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс бетіне немесе зат
сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Есіктің тығыздағыш беткі қабаттарына
тағамның шашырауына немесе
тазартқыш зат қалдығының жиналуына
жол бермеңіз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы
мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
71
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido