Техникалық Сипаттамалар - 3M SD-200 Guia De Inicio Rapido

Detector de sonido
Ocultar thumbs Ver también para SD-200:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 13
1300
1200
1100
1000
900
800
700
600
500
400
0
1 0
2 0
3 0
4 0
5 0
6 0
Сурет2.
Параметрлер
Жиілік түзетуі жəне əрекет ету уақыты
Жиілік түзетуі мен əрекет ету уақытын өшіп тұрған құралдағы мына пернелер арқылы өзгертуге
болады.
1. A немесе C жиілік түзетуін өзгерту үшін, A/C пернесін басыңыз.
2. Жылдам немесе Баяу əрекет ету уақытын өзгерту үшін, F/S пернесін басыңыз.
Алмасу жылдамдығы (АЖ)
Алмасу жылдамдығын 3 дБ-ге (LEQ мəндері үшін) немесе 5 дБ-ге (LAVG мəндері үшін)
орнатуға болады.
Зауыттық əдепкі мəн — 3 дБ. Оны өзгерту үшін, өшіп тұрғанда төмендегі пернелерді басыңыз.
1. F/S пернесін басып тұрыңыз да, одан кейін қуат пернесін басыңыз.
2. Алмасу жылдамдығы терезесі пайда болады. Параметрді өзгерту үшін, F/S пернесін
басыңыз.
3. Параметрді қабылдау үшін, режим пернесін басыңыз (бас тарту үшін, қуат пернесін
басыңыз).
Зерттеуді жүргізу жəне тоқтату
Іске қосу/тоқтату пернесі LEQ/LAVG, Optime дабылын жəне HP, MAX жəне MIN экрандарын
қамтитын біріктіру өлшемдерінің орындау уақытын іске қосу жəне тоқтату үшін пайдаланылады.
1. Қосылып тұрғанда, Іске қосу/тоқтату пернесін басыңыз. ► белгішесі пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ. Іске қосылған режимде параметрлерді өзгерту мүмкін емес (қосымша ақпаратты
«Параметрлер» бөлімінен қараңыз).
2. Тоқтату үшін, іске қосу/тоқтату пернесін басыңыз. ► белгішесі жоғалады.
Өлшемдерді қарау
Режим пернесі тиісті мəндері бар өлшем экрандарын жылжып қарау үшін пайдаланылады.
Алты өлшем экраны бар (3суретті қараңыз):
1. SPL (Өлшемі жоқ
экран көрсеткіші);
2. LEQ/LAVG*;
S
S
L
A
A
EQ
4. MIN*;
5. Optime дабылы жəне
HP*; жəне
F
S
L
A
A
M
EQ
IN
Сурет3.
3M™ Optime™ дабылы жəне есту органдарын қорғау (HP) экраны
Optime дабылы жəне есту органдарын қорғау (HP) экраны LEQ/LAVG өлшемдерін, ЕОҚ
белгішесі мен арнайы көрсеткіш деңгейлері бар қосылған жарық диодын көрсетеді (1-кестені
қараңыз).
ЖШД деңгейлерін A жиілік түзетуін өлшегенде тиісті есту органдарының қорғанысын таңдау
үшін пайдалануға болады.
Optime дабылы жəне есту органдарын қорғау көрсеткіш деңгейлері (ЕСКЕРПЕ. Ұсынылған
есту органдарының қорғанысын ЖШД көрсеткіш деңгейлерінде пайдалануға болады)
Жасыл түсті сəуле
Шу өлшемдері 80-85 дБ (A) болғанда жыпылықтайды
шығарғыш диод
Жасыл жəне сары ЖШД
Шу өлшемдері 83-85 дБ (A) болғанда жыпылықтайды
шамдары
Сары ЖШД шамы
Шу өлшемдері 83-93 дБ (A) болғанда жыпылықтайды
Сары жəне қызыл ЖШД
Шу өлшемдері 87-93 дБ (A) болғанда жыпылықтайды
шамдары
Қызыл түсті сəуле
Шу өлшемдері 87-95 дБ (A) болғанда бір-бірлеп баяу ырғақпен жыпылықтайды
шығарғыш диод
Қызыл түсті сəуле
Шу өлшемдері >95 дБ (A) болғанда жыпылықтайды.
шығарғыш диод
1кесте.
Өлшем экранының көрсеткіштері
Өлшем экранының көрсеткіштері – өлшем параметрлері мен экран белгішелерін белгілейтін
хабарландыру түрі.
Көрсеткіш
Анықтамасы
SPL
Дыбыс қысымының деңгейі – децибел ретінде көрсетілетін шу деңгейінің негізгі өлшемі.
Дыбыс қысымы деңгейінде 20 микропаскаль (.00002 Паскаль) болатын негізгі деңгей мен
өлшенудегі өлшем аралығындағы коэффициент пайдаланылады. Ол децибел ретінде
көрсетіледі (дБ).
MAX
Ең жоғарғы дыбыс деңгейі – біріктіру кезеңінде өлшенген ең жоғарғы дыбыс қысымының
деңгейі.
MIN
Ең төменгі дыбыс деңгейі – біріктіру кезеңінде өлшенген ең төменгі дыбыс қысымының
деңгейі.
LEQ/LAVG
Эквивалентті дыбыс қысымының деңгейі/Орташа дыбыс қысымының деңгейі – біріктіру
кезеңінде өлшенген шынайы эквивалентті дыбыс деңгейі (немесе орташа дыбыс
қысымының деңгейі). LEQ термині 3 дБ алмасу жылдамдығы қолданылған кезде
пайдаланылады; LAVG термині 5 алмасу жылдамдығы қолданылған кезде
пайдаланылады.
Батарея көрсеткішінің екі күйі бар
Батарея қуаты
Батарея қуатының белгішесі пайда болғанда, ол құрал қуатының төмен екенін жəне оны
зарядтау керек екенін көрсетеді.
Батарея қуаты белгішесінің жыпылықтауы батареяның зарядталып жатқанын көрсетеді.
dB_SPL
LEQ
7 0
8 0
90
100
3. MAX*;
S
M
AX
A
6. Орындау уақыты*
F
A
*Біріктіру өлшемі
орын алғанда.
73
«Іске қосу» көрсеткіші - LEQ/LAVG, Optime дабылы, HP, MAX жəне MIN экрандарының
орындау уақытымен өлшеніп жатқанын көрсетеді.
Іске қосу
Есту органдары қорғанысының белгішесі – Optime дабылы мен есту органдарының
қорғынысы (ЕОҚ) экраны қаралып жатқанда пайда болады. (Ескертпе. Белгіленген
Есту органдарының
нүктелер қиылысқанда немесе асып кеткенде жəне іске қосылған режимде болғанда,
қорғанысы
ЖШД шамдары жыпылықтайды. Қосымша ақпаратты «Optime дабылы жəне ЕОҚ
экраны» бөлімінен қараңыз.)
Орындау уақыты – LEQ/LAVG, Optime дабылы жəне HP, MAX жəне MIN мəндерін есептеу
үшін пайдаланылған іске қосу режимінің басынан өткен уақытты көрсетеді. Орындалу
Орындау уақыты
уақыты секунд, минут жəне сағат бойынша есептеледі. (Төмендегідей көрсетіледі: (1)
Минут:секунд (2) Сағат:минут жəне (3) 19:59 мəнінде өзгеретін сағаттар.)
OL
Асып кету көрсеткіші – децибел шамасы SD-200 диапазонынан асқанын көрсетеді.
UR
Диапазоннан төмен көрсеткіші – көрсетілген өлшемнің сызықтық диапазоннан төмен
екенін көрсетеді.
F/S
Жылдам/Баяу əрекет ету уақыты – əрекет ету уақытының параметрі құрылғының
өзгермелі шуға əрекет ету жылдамдығын анықтайды. Əдетте, шу тұрақты болмайды.
Дыбыс деңгейін əрекет ету уақытынсыз анықтауға тырысатын болсаңыз, нəтижелердің
өзгеретіні соншалық, шынайы деңгейді анықтау өте қиын болады. Баяу жəне жылдам
əрекет ету мүмкіндігін пайдалану шу тербелісін тұрақтандырып, дыбыс деңгейімен жұмыс
істеуді жеңілдетеді. Жылдам жəне баяу терминдерінің өте арнайы мағыналары (уақыт
шектеулері) болса да, олар күткендегідей өте жақсы жұмыс істейді. Жылдам əрекет баяу
əрекетке қарағанда тебелісі көбірек дыбыс деңгейі нəтижесін береді. («Əрекет ету
уақыты» ішіндегі «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз)
A/C
A жиілік түзетуі немесе C жиілік түзетуі – адам ести алатын жиілік диапазонын (20 Гц - 20
кГц) қамтитын жиілік сүзгілері. «А»түзетуі өнеркəсіптік шуларды да, қоғамдық шуларды да
реттеу үшін қолданылатын сүзгі. «A» түзету сүзгісі дыбыс деңгейін өлшеу құралына адам
құлағы еститін деңгейде əрекет етуге мүмкіндік береді. Ол төменгі жиіліктегі шуды
бірнеше жүз Герцтен төмен түсіреді, ал жоғары жиіліктегі шуды бірнеше жүз Герцтен
артық көтереді. «C» жиілік түзетуі құлақтың жоғарғы децибелді деңгейлердегі дыбысты
қабылдау жолын көрсетуге арналған.
2кесте.
Ақаулықты жою
SD-200 құрылғысы белгісіз бір себеппен құлыптанып қалған жағдайда, SD-200
құрылғысындағы қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз. Құралды қалпына келтіру үшін,
қуат пернесін кемінде 20 секунд басып тұрып, жіберіңіз. Құрал қайта іске қосылады. ЕСКЕРПЕ.
Қалпына келтірілгеннен кейін, LEQ/LAVG, Optime дабыл жəне HP, MAX жəне MIN өлшем
экрандарында сызықшалар («--.-») көрсетіледі жəне орындау уақыты экранында нөл («0:00»)
көрсетіледі.
Қосымша қолдау алу үшін, 3M компаниясына немесе жеткізушіңізге хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Стандарттар/Директивалар
• ANSI S1.4 1983 (R 2006) – 2-түрі/ Дыбыс деңгейін өлшеу құралдарының техникалық
сипаттамалары
• ANSI S1.4 1997 (R 2007) – 2-түрі/ Біріктіру немесе орташа дыбыс деңгейін өлшеу құралы
• IEC 61672-1 (2002-2005) – 2-сынып/ Электроакустикалық құрылғылар – SLMS – 1-бөлім:
Техникалық сипаттамалар
• IEC 61010-1 (2001-2002) – Өлшеуге, басқаруға жəне зертханада пайдалануға арналған
электр құрал-жабдықтарының қауіпсіздік талаптарының 1-бөлімі: талап
• Электромагниттік үйлесімділікке (ЭМҮ) қатысты 2004/108/EC директивасы
• Төмен кернеулі жабдықтардың (ТКЖ) қауіпсіздігіне қатысты 2006/95/EC директивасы
• Қауіпті заттарды шектеуге (ҚЗШ) қатысты 2002/95/EC директивасы
• Қоқысқа тасталатын электр жəне электрондық жабдықтарға (ҚТЭЭЖ) қатысты 2002/96/EC
директивасы
• CE таңбалануы
Механикалық сипаттамалар
Корпус
ABS/поликарбонат
Өлшемі (ұзындығы x ені x
16,5cm x 6,1cm x 2,3cm
қалыңдығы)
6,5" x 2,4" x 0,9"
Салмағы
125g (4,4oz)
Үш аяқты тірек
20 бұрандасына арналған (құралдың артқы жағындағы
астыңғы жақта орналасқан).
Электр сипаттамалары
Батарея түрі
Литий-полимер батарея (1000 мА/сағ), қайта зарядталады
Батареяның жұмыс мерзімі
3 жыл немесе 500 зарядтау
Батарея жұмысы
ЖЩД шамдары қосылғанда 35 сағатқа (кем дегенде, əдетте:
40 сағат), ал ЖШД шамдары өшіп тұрғанда 50 сағаттан артық
уақытқа жетеді
Микрофон
Көп бағытты; 2-сынып/түр: 2; диаметрі – 1,27 см; электрет
конденсаторы
Жиілік диапазоны
31,5 - 8000 Гц
Қоршаған ортаға əсері
Қоршаған орта жағдайларына өзгерістер болғаннан кейін тұрақтандыруға керекті болатын
əдеттегі уақыт аралықтары.
• Температураны 10°C градусқа өзгерту үшін, кемінде 5 минут қажет.
• Салыстырмалы ылғалдылықты 30%-ға (су жиналмайтын) өзгерту үшін, кемінде 30 минут
қажет.
• Статикалық қысымды 10 кПа-ға өзгерту үшін, кемінде 5 секунд қажет.
Температура диапазондары.
Жұмыс температурасы
0°C-40°C (32°F-104°F)
Жұмыстың атмосфералық
80-110kPa
температурасы
Салыстырмалы ылғалдылық
>90%, су жиналмайтын
Сақтау температурасы
-20°C-70°C (-4°F-158°F)
Сақтаудың атмосфералық
50-150kPa
температурасы
Пайдаланушы интерфейсі Дисплей
Сан көлемі
2cm
Ажыратымдылық
0,1dB
Жаңарту жиілігі
0,5 сек
Пернетақта
• 5 перне: F/S пернесі, A/C пернесі, Режим пернесі, Іске қосу/тоқтату пернесі, Қосу/өшіру
пернесі
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido