Пайдалану Нұсқаулары - 3M SD-200 Guia De Inicio Rapido

Detector de sonido
Ocultar thumbs Ver también para SD-200:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 13
L
EQ
F
S
A
C
Сурет1.
a) MМикрофон
b) Optime дабылының жарық диодты көрсеткіш шамдары
c) Өлшем экранының көрсеткіштері (əрекет уақыты жəне жиілік түзетуі)
d) Өлшем түрі (SPL, LEQ, LAVG, LED дабылы, MAX, MIN, жұмыс уақыты)
ЕСКЕРТПЕ. Ешбір көрсеткіш дыбыс қысымының деңгейін білдірмейді
e) Өлшем мəні
f) F/S пернесі (Жылдам/баяу əрекет)
g) A/C пернесі (жиілік түзетуі)
h) Режим пернесі (Өлшем экрандары арасында ауысып қосады)
i) Іске қосу/тоқтату пернесі (мəндерді орташалауға арналған)
j) Қосу/өшіру пернесі
K
ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР, ЕСКЕРТУЛЕР, САҚТЫҚ ШАРАЛАР
a
ПАЙДАЛАНУЫ
b
3M™ SD-200 шу өлшегіші ауадағы дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеуге жəне дыбыс пен
шуды анықтау өлшемдерін қамтамасыз етуге арналған. Онда құралды қосуға жəне өшіруге,
өлшемдерді қарауға немесе жүргізуге, шарлауға жəне параметрлерді орнатуға мүмкіндік
беретін қолданылуы оңай бес пернесі бар пернетақта бар. (Қосымша ақпаратты 2-кестеден
қараңыз). Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті ержелерді
сақтаңыз, берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе қауіпсіздік техникасы саласындағы
маманнан / 3М өкілінен кеңес алыңыз (Жергілікті байланыстар туралы ақпарат).
ЕСКЕРТПЕ. Есту органдарының қорғанысын анықтау барысындағы əдеттегі дыбыс
өлшемдері үшін, SD-200 құрылғысын əрекет уақыты баяу А жилік түзетуіне орнатуға
болады.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Зарядтау
Алғаш пайдаланбас бұрын, SD-200 құрылғысын 12 сағаттай зарядтау ұсынылады.
S
Батарея көрсеткіші пайда болса, құралды зарядтау керек болады
c
3M™ SD-200 құрылғысын компьютердің USB ұясына жалғанған шағын USB кабелімен
зарядтауға болады. Шағын USB ұясы құралдың астыңғы жағында орналасқан.
A
Бар болған қуатқа қарай, заряды толық таусылған батареяны зарядтауға 2,5-12,0 сағат кетуі
d
мүмкін.
Қосымша розетка арқылы зарядтау құрылғысы бар.
e
Мөлшерлеу
Ағымдағы қоршаған ортада жасалған өлшемдер дəл болуы үшін, өлшем жүргізбес бұрын
ортаны мөлшерлеу ұсынылады. Бұл процедура үшін қосымша мөлшерлегіш пен мөлшерлегіш
адаптері қолданылады.
f
1. WhҚұрылғы өшіп тұрғанда, іске қосу/тоқтату пернесін басып тұрып, қуат пернесін басыңыз.
Пернелерді жіберіңіз, экранда «CAL» (Мөлшерлеу) жазуы пайда болады.
g
2. Мөлшерлегіш пен мөлшерлегіш адаптерін микрофонның үстінен ұстап тұрып, мөлшерлегішті
қосыңыз.
3. Деңгейді мөлшерлегішке сəйкес келетіндей реттеу үшін, Жылдам/баяу пернесін басып
h
арттырыңыз немесе Іске қосу/тоқтату пернесін басып төмендетіңіз.
4. Режим пернесін басып деңгейді қабылдаңыз немесе A/C пернесін басып бас тартыңыз.
Желден қорғау экраны
i
3M™ SD-200 құрылғысында алынатын желден қорғау экраны бар. Ол желден туындайтын шу
əсерлерін азайтып, нəтижеге əсерін төмендету үшін жасалған. Микрофонды қорғау үшін,
құрылғыны əрдайым желден қорғау экранымен бірге пайдалану ұсынылады. Құрылғы
жеткізілген кезде, желден қорғау экраны шешулі болады. Тағу үшін, экранды микрофон үстіне
толық сырғытып кигізіңіз.
Орналастыру
j
Қолға ұстағанда, SD-200 микрофонын дыбыс көзіне қарай негізгі бағытқа 0 градуспен (немесе
кездейсоқ бағытқа 70 градуспен) орналастырыңыз.
Құралды жұмыс орнында/аймағында орналастыру үшін, құрылғыны дыбыс көзіне қарай
шамамен 70 градуста бағыттап үш аяқты тірекке бекітіңіз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Қосу
СК дисплейі іске қосылғанша қуат пернесін басып тұрыңыз (жұмысқа дайындалу уақыты —
шамамен 5 секунд).
Қосылғанда, ел коды, басылым деңгейі (мысалы, E1.0) жəне алмасу жылдамдығы (мысалы, 3
LEQ/5 LAVG) көрсетіліп, өздігінен диагностика жасау экраны жыпылықтайды. Одан кейін,
өлшем экраны пайда болады.
Дыбыс қысымының деңгейлерін (SPL) көру
Өлшем терезесінде дБ мəнімен ағымдағы дыбыс қысымының деңгейі (SPL) немесе өшіру
алдында қаралған соңғы экран көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ. SPL үшін өлшем экранының көрсеткіші көрсетілмейді (1-суретті қараңыз)
Өшіру
OFF (Өшірулі) жазуы жоқ болғанша қуат пернесін басып тұрыңыз. 2 секунд ішінде жіберсе,
құрал қосылған күйде қалады. Өшірілгеннен кейін, SD-200 құрылғысы құралдардың
параметрлері мен өлшемдері сақталып, құрылғы келесі жолы қосылғанда қайта көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ. Іске қосулы тұрғанда, тоқтату пернесі басылмаса, құрал өшпейді.
Дыбыс деңгейін зерттеу
Біріктірілетін өлшемдер
Біріктірілетін өлшемдер уақыт бойынша орташа мəнді есептейді. Көптеген жұмыс орталарында
шу деңгейлері жиі өзгеріп, дыбыс деңгейін бағалауды қиындатады. Мəндерді орташалау
функциясымен орындау уақыты (ОУ) барысында тұрақты мəндер қамтамасыз етіледі.
2-суретте орындау уақыты барысында өлшенген SPL жəне LEQ мəндері көрсетілген.
Өлшемдерді салыстырғанда, SPL мəндері ең төменгі жəне ең жоғарғы мəндерді өлшейді, ал
LEQ зерттеу барысында тұрақты нəтижелер береді.
72
^ Қауіп-қатер
Төмендегі процедураларды қадағаламау ауыр жарақатқа апаруы мүмкін
• Жарылыс қаупі бар жəне қатерлі жерлерде пайдалануға арналмаған. Бұл өнім жалпы
қауіпсіз емес.
• Құрамында литий-полимер батареясы бар. Өртемеңіз немесе отқа тастамаңыз.
^ Абайлаңыз!
Бөлшектеуге, құрылысын өзгертуге жəне қайта құрастыруға болмайды.
Төмендегі процедураларды қадағаламау нəтижесінде құрал зақымдануы мүмкін
• Пайдалану алдында осы нұсқаулықты оқыңыз
• -20°C жəне 70°C арасындағы температурада сақтаңыз.
• Сұйық заттарға батырмаңыз.
• Жиналған су құралды зақымдауы мүмкін.
• Құрамдас бөлшектерін ауыстыру құралдың дəлдігіне əсер етуі мүмкін.
Жөндеу жұмыстарын тек рұқсаты бар қызмет көрсету маманы орындауы керек.
^ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жалпы
• Осы құралдағы батареяның сақтау уақыты шектеулі (еш қолданылмаған болса да) болады.
• Дұрыс өлшеу үшін, су жиналмайтын орта қажет
• Батареяны 0°C жəне 40°C аралығындағы температурада зарядтаңыз.
• 0°C-тан төмен температурада батареяның жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін.
• 3M™ SD-200 шу өлшегіші Еуропа Одағының жұмыс орнындағы шу деңгейіне қатысты
2003/10/EC директивасына сəйкес қауіпті шу деңгейлеріне ұшырайтын жұмысшылардың
толық қаупін бағалауға жарамды болмауы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, қауіпсіздік
жөніндегі маманға немесе өнеркəсіптік гигиенистке хабарласыңыз.
SD-200 құрылғысы
қосылғанда, зарядтау
барысында батарея
таңбасы жыпылықтайды.
Толық зарядталған кезде,
ол жыпылықтауын
тоқтатады.
SD-200 құрылғысын
өшірілген күйде
зарядтағанда,
жыпылықтайтын зарядтау
белгішесімен бірге
сызықшалар (бір-бірден)
пайда болады.
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido