Moulinex pain plaisir Modo De Empleo página 119

Ocultar thumbs Ver también para pain plaisir:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 15
НАН ПЕШІН ПАЙДАЛАНУ
Бағдарлама таңдау
Мәзір пернесінің көмегімен қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
басқан сайын, экрандағы нөмір келесі бағдарламаға ауысады.
1. Тұзды глютенсіз нан. Қанты мен майы аз рецептілерге арналған бағдарлама.
Дайын қамырды пайдаланған дұрыс (глютенсіз нан бағдарламаларын пайдалану
туралы ескертулерді қараңыз).
2. Тұзды глютенсіз нан. Қанты мен майы бар рецептілерге арналған бағдарлама
(мысалы, тоқаш). Дайын қамырды пайдаланған дұрыс.
3. Глютенсіз кекс. Қопсытқыш қосып, глютенсіз кекс пісіруге арналған бағдарлама.
Дайын қамырды пайдаланған дұрыс.
4. Кәдімгі нан. Бұл бағдарламаны жұмсақ ақ бөлке нан пісіру үшін пайдаланыңыз.
5. Жылдам пісетін кәдімгі нан. Бұл бағдарламаны жұмсақ бөлке нанды жылдам
пісіру үшін пайдаланыңыз.
6. Француз наны. Бұл бағдарламаны қабығы қалың дәстүрлі француз ақ нанын
пісіру үшін пайдаланыңыз.
7. Тәтті нан. Бұл бағдарлама майы мен қанты көбірек тоқаш сияқты рецептілерге
жарайды. Дайын қамыр салатын болсаңыз, 750 грамнан асып кетпеуін қадағалаңыз.
8. Бүтін дәндерден дайындалған нан. Бүтін дәндерден тартылған ұн қосылатын
нан пісіргенде, осы бағдарламаны таңдаңыз.
9. Бүтін дәндерден жылдам дайындалған нан. Бүтін дәндерден тартылған ұн
қосылатын нанды жылдам пісіру үшін осы бағдарламаны пайдаланыңыз.
10. Қарабидай наны. Қарабидай ұны немесе ұқсас дақылдар (қарақұмық, борай
бидай) көп қосатын кезде, осы бағдарламаны таңдаңыз.
11. Ашытқан қамыр. Бұл бағдарламамен пицца, нан және вафли қамырын илеуге
болады. Бұл бағдарламамен нан пісірмейді.
12. Паста. Бұл бағдарламаны итальяндық паста немесе бәліш қамырын илеу үшін
пайдалануға болады.
13. Кекс. Қопсытқыш қосылатын кекстерді пісіруге арналған бағдарлама. Бұл
бағдарламада 1000 г параметрі ғана қолданылады.
14. Нан пісіру. Бұл бағдарламамен 10-70 минут пісіруге болады. Оны бөлек таңдап:
a) «Ашытқан қамыр» бағдарламасы біткен соң;
ә) піскеннен кейін, суып қалған нанды жылыту немесе қызарту үшін;
б) нан пісіп жатқанда, ұзақ уақытқа электр қуаты өшіп қалған кезде, пісіру циклын
аяқтау үшін пайдалануға болады.
15. Ботқа. Бұл бағдарлама ботқа және күріш пуддингтерін пісіруге арналған.
16. Дақылдар. Бұл бағдарламамен күріш пуддингін, жарна пуддингін және
қарақұмық пуддингін дайындауға болады.
17. Тосап. Бұл бағдарламамен тосап пісіруге болады. 15, 16 және 17-бағдарламаны
қосқанда, қақпақтың сыртынан шығатын және ашқанда көтерілетін ыстық будан
абай болыңыз.
«Pain & Délices» нан пештерінде ғана болатын бағдарламалар:
18. Йогурт. Пастерленген сиыр сүті, ешкі сүті немесе соя сүтінен йогурт дайындауға
арналған. Йогурт ыдысын пішінге салыңыз (қақпағын және сүзбе ыдысын алып
тастап). Әзір болғанда, салқын жерге қойып, 7 күн тұрғызыңыз.
19. Сұйық йогурт. Пастерленген сүттен сұйық йогурт дайындау үшін. Йогурт
ыдысын пішінге салыңыз (қақпағын алып тастап). Ішу алдында жақсылап
шайқаңыз. Әзір болғанда, салқын жерге қойып, 7 күн тұрғызыңыз.
пернесін
KK
119
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Pain & délices

Tabla de contenido