Қателерді Белгілеу; Ағаш Діңгектерін Бөренелерге Бөліп Кесу (L-O Суреттерін Қараңыз) - Bosch UniversalChain 35 Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para UniversalChain 35:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
қажет, себебі ағаш, кесіп шабылғаннан кейін, жоғарыдан
төменге қарай домалап түсуі мүмкін.
Ағашты кесіп құлату алдынан алдымен қашу жолы (➋)
жобаланып, керек болса, босатылып қойылуы қажет.
Қашу жолы болжамдалған ағаш құлату жолынан бастап
қиғаш жүріп, төменге қарай бағытталуы тиіс.
Ағашты кесіп құлату алдынан, ағаштың құлау бағытын
болжамдай алу үшін ағаштың табиғи бейімділігін,
үлкенірек бұтақтардың орналасуы мен жел бағытына
назар аудару қажет.
Кір пен ласты, тастарды, ағаштың бос қабықтарды,
тікендер, шегелерді, тоғындар мен сымдарды ағаштан
алып тастау керек.
Кертік жасау: Ағашты кесіп құлату бағытына қарай оң
жақтағы бұрышында арамен тереңдігі ағаш диаметрінің
1/3 сай келетін бір кертік (X–W) кесіп жасаңыз. Алдымен
төменгі көлденең кертігін жасаңыз. Бұл әрекет арқасында
ара шынжырының қысылып қалуына немесе екі кертікті
жасағанда бағыттап жүргізу шинасының қысылып
қалуына жол берілмейтін болады.
Арамен құлату үшін тілу кертігін жасау: Арамен тілу
кертігін (Y) көлденең кертік үстінен ең азында 50 мм
биігірек жасаңыз. Арамен тілу кертігін көлденең кертікке
қатарлас қылып жасаңыз. Арамен тілу кертігін топса
ретінде қолдана алынатын бір маңдайша (кесіп құлату
жаңыршағы) тұрып қалатындай ғана тереңдікте арамен
кесіңіз. Осы маңдайша арқасында ағаштың айналып, қате
бағытта құлап түсуіне жол берілмейтін болады.
Маңдайшыны арамен бөліп кесіп жібермеңіз.
Тілу кертігі маңдайшаға жақындай бергенде ағаш құлай
бастау керек. Ағаш өзіңіз қалаған бағытта құламай немесе
артқа құлай бастауын көргеніңізде және ара шынжыры
қысылып қалғанын көргеніңізде арамен тілу кертігін
жасау жұмысын тоқтатып, кертікті ашу үшін және ағашты
өзіңіз қалаған құлау бағытқа әкелу үшін ағаштан,
пластмассадан немесе алюминийден жасалған
сыналарын қолданыңыз.
Ағаш құлай бастағанда шынжырлы араны кертіктен
шығарып, өшіріп, оны бір жаққа қоя тұрып, қауіпті
аймақтан алдын ала жобаланған қашу жолы арқылы
шығыңыз. Жоғарыдан құлап жататын бұтақтарға назар
аудара жүріп, сүрініп қалмаңыз.
Енді сынаны (Z) көлденең кертікке енгізу арқылы ағашты
құлатыңыз.
Ағаш құлай бастағанда қауіпті аймақтан алдын ала
жобаланған қашу жолы арқылы шығыңыз. Жоғарыдан
Қателерді белгілеу
Келесі кестеде қателер мен бөгеттер симптомдары көрсетіліп, электр бұйымыңыз дұрыс істемей қалып тұрғанда
осыларды шешу жолдары көрсетіледі. Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық
көмек көрсететін лайықты сервис орталығымен хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу алдынан
u
алдымен электр бұйымды өшіріп, желі айырын
шығарып қойыңыз.
Bosch Power Tools
құлап жататын бұтақтарға назар аудара жүріп, сүрініп
қалмаңыз.
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу (K суретін
қараңыз)
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу ұғымы шабылып
құлатылған ағаштан бұтақтарды арамен кесіп алуды
білдіреді. Ағаштан бұтақтарды кесіп алу барысында
ағашты тіреп тұратын үлкенірек, төменге қарай
бағытталған бұтақтар басында кесілмей ағашта
қалдырылады. Кішірек бұтақтарды суретте
көрсетілгендей бір кесу әрекеті арқылы кесіп бөліп
алыңыз. Кернеу астында тұратын бұтақтарды, ара
шынжырының қысылып қалуын болдырмау үшін,
төменнен жоғарыға қарай арамен кесуіңіз лазым.
Ағаш діңгектерін бөренелерге бөліп кесу (L–O
суреттерін қараңыз)
Бұл ұғым кесіліп құлатылған ағашты бөлшектерге бөлуді
білдіреді. Өзіңіздің тұрақты түрде тұруыңызға және дене
салмағыңыздың екі аяғыңызға тепе-тең бөлініп
таратылуына назар аударыңыз. Мүмкін болса, ағаш
діңгектері бұтақтар, бөрене немесе сыналар үстінен
салынып, тіреліп қойылуы лазым. Арамен жеңіл түрде
кесе алу үшін қарапайым нұсқауларға сай әрекет етіңіз.
Ағаш діңгегі біртұтас қылып жатқанда арамен кесуді
жоғарыдан бастаңыз.
Ағаш діңгегі бір жағында алға шығып тұрса, алдымен ағаш
діңгегінің төменгі жағының 1/3 бөлшегін арамен кесіп,
одан кейін қалған бөлшектерін жоғарыдан бастап отырып
төменгі кертік биіктігінде арамен кесігіңіз.
Егер ағаш діңгегі екі жақтан алға шығып тұрса, алдымен
ағаш діңгегінің жоғарғы жағының 1/3 бөлшегін арамен
кесіп, одан кейін төменгі жағының 2/3 бөлшегін жоғарғы
кертік биіктігінде арамен кесіңіз.
Еңкіш жерлерде арамен кесу жұмыстарын өткізгенде
әрқашан ағаш діңгегінен жоғарырақ тұрыңыз. Ағашты
арамен тіліп бөліп жіберу сәтте бақылауды толығымен
басқара алу үшін кесу соңында, шынжырлы араның
тұтқаларынан бекем ұстауын босатпай отырып, басу
қысымын азайтыңыз. Ара шынжыры қыртысқа жанасып
түртпеуіне назар аудара жүріңіз. Кесуді аяқтағаннан кейін
шынжырлы араны кесу жерінен шығарып алу үшін ара
шынжырының тоқталуына дейін күтіңіз. Бір ағаштан
екінші ағашқа өту үшін шынжырлы араның қозғалтқышын
әрқашан өшіріп қоюыңыз қажет.
Қазақ | 213
F 016 L81 829 | (28.11.2019)
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Universalchain 40

Tabla de contenido