Орнату Және Пайдалану - RIDGID 700 Manual Del Operario

Ocultar thumbs Ver también para 700:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
• Қосқыштың дұрыс жұмыс істеуі. Оның бірқалыпты
айналатынын және жабысып қалмайтынын растаңыз.
• Ескерту белгілерінің бар болуы және олардың оқылуы
(3-сурет).
• Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі
мүмкін басқа жағдай.
Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше электр
жетегін немесе тіреу құрылғысын пайдаланбаңыз.
4. Бұрандама қысқышын тексеріңіз. Ұстайтын тістердің
таза және жарамды күйде екеніне көз жеткізіңіз. Тістерді
сымды қылшақпен тазалауға болады.
5. Кескіштердің кесу жиектерін тозу, майысу, кесектерінің
болуы немесе басқа мәселелер бойынша тексеріңіз.
Өтпейтін немесе зақымдалған кескіш құралдар қажетті
күш мөлшерін арттырады, сапасы төмен кесіктерді
жасайды және жарақат қаупін арттырады.
6. Дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін басқа кез келген
пайдаланылатын жабдықты тексеріңіз және оған өз
нұсқауларына сәйкес қызмет көрсетіңіз.
7. Орнату және пайдалану нұсқауларын орындап, электр
жетегінің тиісті түрде жұмыс істейтінін тексеріңіз.
• АЛҒА айналдыру үшін қосқышты басып, босатыңыз
және АРТҚА айналдыру үшін 3-суретте көрсетілгендей
қайталаңыз. Электр жетегінің 3-суретте көрсетілгендей
айналатынын және қосқыштың құрылғы жұмысын
басқаратынын растаңыз.
Қосқыш түймесімен бағытты өзгертпес бұрын электр
жетегінің толық тоқтауын күтіңіз. Бұл электр жетегі
зақымының қаупін азайтады.
• Қосқыш
түймесін
басып
бөлшектерде тура келмеушілік, қысылу, оғаш дыбыстар
немесе басқа да қалыптыдан тыс жағдайлардың бар-
жоқтығын тексеріңіз. Қосқышты босатыңыз.
Егер құрылғы дұрыс істемесе немесе орынсыз жағдайлар
анықталса, жөнделгенше құрылғыны пайдаланбаңыз.
Артқа айналдыру
Ескерту
жапсырмасы
Алға айналдыру
3-сурет – Қосқыштың айналдыру бағытына күйі
8. Қосқыш түймесін босатыңыз және құрғақ қолмен
құрылғыны ажыратыңыз.
тұрыңыз.
Қозғалмалы
Алға
қосқышын іске қосу
Артқа қосқышын
іске қосу
700 электр жетегі
Орнату және пайдалану
ЕСКЕРТУ
Электр тогының соғуынан, шатысудан, соққыдан,
езілуден және басқа себептерге байланысты жарақат
алу қаупін азайту және электр жетегінің зақымын
болдырмау үшін 700 электр жетегін осы рәсімдерге
сәйкес орнатып, пайдаланыңыз.
1 дюймдік (25 мм) немесе үлкендеу құбыр бұрандасын
кескен кезде бұрандакесу күшіне қарсы тұру үшін тіреу
құрылғысын пайдаланыңыз. Осы нұсқауларға сәйкес
жарамды тіреу құрылғысын пайдаланыңыз. Тіреу
құрылғылары басқаруды жақсартады және соққы,
езу және/немесе басқа жарақат қаупін азайтады.
Пайдаланылатын тіреу құрылғысына қарамастан,
бұрандакесу
күшіне
қарсы
бұрандасын кесу немесе бастиекті шығару кезінде
электр жетегін үнемі қатты ұстаңыз. Бұл соққы, езу
және басқа жарақат қаупін азайтады.
Құбырды тиісті түрде тіреңіз. Бұл құбырдың құлауы,
аударылуы және ауыр жарақат алу қаупін азайтады.
Электр жетегін дұрыс жұмыс істейтін қосқыш
түймесінсіз пайдаланбаңыз.
Құрылғыларды пайдаланған кезде қолғап немесе
бос киім кимеңіз. Жеңдеріңіз бен кеудешелеріңіздің
түймесін салыңыз. Құрылғы немесе құбыр арқылы
қолыңызды созбаңыз. Киімді құбыр немесе құрылғы
тартып, нәтижесінде оралып қалуы мүмкін.
Бір адам жұмыс үдерісін және қосқыш түймесін
басқаруы керек. Оны бірден көп адам пайдаланбасын.
Шатысу орын алған кезде пайдаланушы қосқышты
реттей алуы керек.
1. Жұмыс аумағында мыналарды тексеріңіз:
• Жеткілікті жарық.
• Жанғыш сұйықтықтар, булар немесе тұтануы мүмкін
тозаң. Бар болған жағдайда көздері анықталып,
түзетілмейінше, аумақта жұмыс істемеңіз. Электр
жетектері жарылыстан қорғалмаған және ұшқындар
шығаруы мүмкін.
• Барлық жабдық және пайдаланушы үшін таза, тегіс,
тұрақты, құрғақ орын болуы керек.
• Тиісті желдету. Кішкентай, жабық аумақтарда көп
пайдаланбаңыз.
тұру
үшін
құбыр
335
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido