Electrolux EIS62453 Manual De Instrucciones página 291

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 502
8.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңдары үшін
күшті электромагниттік өріс ыдысты
тез қыздырады.
Индукциялық пісіру алаңдарын тиісті
ыдыстармен қолданыңыз.
• Қызып кетудің алдын алу және
аймақтардың жұмысын жақсарту үшін
ыдыс мүмкіндігінше қалың және тегіс
болуы керек.
• Плитаның үстіне қоюдан бұрын табаның
таза және құрғақ болуын қамтамасыз
етіңіз.
• Ыдыстарды әйнектің жиектеріне немесе
бұрыштарына сырғытпаңыз себебі ол
шыны бетін сындырып немесе
зақымдауы мүмкін.
Ыдыс-аяқ материалы
• дұрыс: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан дұрыс таңба
салынған).
• дұрыс емес: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Мына жағдайларда ыдыс индукциялық
плита үшін жарамды:
• су ең жоғары қызу параметріне
орнатылған аймақта өте тез қайнайды.
• магнит ыдыстың түбіне тартылып
түседі.
Ыдыс өлшемдері
• Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың
түбінің өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
• Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
болған ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана алады.
• Қауіпсіздік мақсатында және пісірудің
оңтайлы нәтижелері үшін «Пісіру
алаңдарының сипаттамасында»
көрсетілген өлшемдерден үлкен болған
ыдысты пайдаланбаңыз. Пісіру
барысында ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз. Бұл басқару панелінің
жұмысына әсер етуі немесе плитаның
функцияларын кездейсоқ іске қосуы
мүмкін.
«Техникалық сипаттама» бөлімін
қараңыз.
8.2 Жұмыс кезіндегі шуыл
Егер естілсе:
• сытырлаған дыбыс: ыдыс әр түрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
• ысылдаған дыбыс: пісіру алаңының
қуаты өте жоғары және ыдыс әр түрлі
материалдан жасалған (сэндвич
тәсілімен).
• ызыңдау: жоғары қуат деңгейін
пайдаланып отырсыз.
• сыртылдау: электр желісінің қосылуы.
• ысылдау, ызыңдау: желдеткіш жұмыс
істеп тұр.
Шуылдың болуы қалыпты жағдай және
бұлар ешбір ақауды білдірмейді.
8.3 Öko Timer (Эко таймер)
Қуатты үнемдеу үшін пісіру алаңының
қыздырғышы кері санақ таймерінің
сигналы естілмей тұрып сөнеді. Жұмыс
істеу уақытының әр түрлі болуы қызу
параметріне және пісіру уақытына
байланысты.
8.4 Жеңілдетілген пісіру
нұсқаулығы
Пісіру алаңының қызу параметрі мен
қуатты тұтыну мәні өзара тура байланысты
емес. Қызу параметрін көбейткен кезде,
пісіру алаңы пайдаланатын қуат мәні
пропорциональды түрде көбеймейді.
Сондықтан орташа қызу параметрін
қолданатын пісіру алаңы, өз қуатының
жартысынан азын жұмсайды.
Кестедегі деректер тек нұсқау ретінде
берілген.
ҚАЗАҚ
291
loading