Bosch UniversalSaw 18V-100 Manual Original página 160

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
160 | Қазақ
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
тербеліс жоқ
кіші тербеліс
орташа тербеліс
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (7) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптама қалпақ (9) мен жарылудан сақтайтын
пластинаны (20) қисық аралауда орнатуға болмайды.
– Қаптаманы (9), жарылыстан қорғайтын пластинаны
(20) және жылжыманы (19) алып тастаңыз.
– Ара төсемін сақтау орнын (18) тірек тақтасынан (7)
тартып шығарыңыз.
– Бұранданы (25) босатып, тірек тақтасын (7)
аспирациялық келте құбырға (6) қарай сәл
жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын орнату үшін тірек тақтасының оң
және сол жағында 0°, 22,5° және 45° бұрыштарында
тірелу нүктелері бар. Тірек тақтасын (7) шкалаға (24)
сәйкес қажетті күйге қайырыңыз. Басқа еңіс
бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге
болады.
– Содан кейін тірек тақтасын (7) ара төсеміне (11) қарай
тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (25) қайтадан мықтап тартыңыз.
1 609 92A 5Y0 | (27.05.2021)
Еңістік кесіктерде кесік сызығын бақылау
(K суретін қараңыз)
Кесік сызығын бақылау үшін көрініс терезесінде
Cut Control (12) үшін белгі (26) тікбұрыштық кесік үшін
0° менен және белгілер (27) оңға немесе солға түсетін
еңіс кесіктері 45° үшін (24) шкаласы бойынша бар.
Кесік белгісі 0° және 45° еңіс бұрышы үшін
пропорциональды болады. Ол Cut Control (12) үшін
көрініс терезесінде болуы мүмкін тұрақты емесе
қосымша сызылған белгімен болуы мүмкін болып оны
жою оңай болады.
Діл жұмыс істеу үшін ең жақсысы сынақты кесікті
орындаңыз.
Тіреуіш тақтаны жылжыту (J суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (7) арқыға
жылжытуға болады.
Ара төсемін сақтау орнын (18) тірек тақтасынан (7)
тартып шығарыңыз немесе жылжыманы (19) алып
тастаңыз.
(25) бұрандасын босатып, тіреу тақтасын (7)
аспирациялық келте құбыр (6) бағытында жылжытыңыз.
(25) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында (7) аралау тек 0° қисаю
бұрышында мүмкін. Бұдан басқа Cut Control кесік
сызығын бақылау розетканы (10) және параллельді
тіреуіш айналатын кескішпен (29) (жабдық) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (20) пайдалану мүмкін
емес.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Заряталған аккумуляторды (4) аккумулятор бекіткішіне
ол естіліп тіреліп қатты бұғатталғанша жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен қосу блокадасын (1)
басыңыз. Сосын қосқыш/өшіргішті (2) басып ұстап
тұрыңыз.
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (2) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (2) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido