OBJ_BUCH-2896-002.book Page 285 Friday, October 21, 2016 1:28 PM
Ажарлауыш құралдарын орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 10 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 3 басып, шпиндельді бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш гайканы 14
орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек
гайкаларға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз, "Тез қысқыш
гайка" тарауын қараңыз.
Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз, осылай
ол электр құралының шығысында шпинделден шыңып
кетпейді.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Ортаға келтіретін буртиктің тірек
фланецінде 12 пластмасса бөлшек
(дөңгелек қимасы бар сақина) бар.
Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ
немесе зақымдалған болса, ары
қарай пайдаланбай тұрып тірек
фланецті 12 міндетті түрде ауыстыру
керек.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстарда
әрқашан қол қорғағышын 18 пайдаланыңыз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
Резеңке тегістеу тәрелкесімен 19 жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 18 киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Дөңгелек гайканы 21 орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі
бар дөңгелек гайкаларға арналған кілтпен бекемдеңіз.
Bosch Power Tools
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақ
Тостаған тәрізді қылшақтармен орындалатын
жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 18
орнатыңыз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Тез қысқыш гайка
Құралдарды пайдаланусыз тегістеу құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың 14 орнына тез қысқыш
гайканы 15 пайдалануға болады.
Тез қысқыш гайканы 15 тек тегістеу және кесу
шеңберлері үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тек дұрыс, зақымдалмаған тез қысқыш гайканы 15
пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту кезінде жазбасы бар тез қысқыш
гайка 15 беті тегістеу шеңберіне қарап тұруын
қадағалаңыз; көрсеткі индекстік белгіге 37 нұсқауы
керек.
Тегістеу шпинделін 3 бекіту
үшін шпиндельді бекіту
түймесін басыңыз. Тез
37
қысқыш гайканы бекемдеу
үшін тегістеу шеңберін күш
салып сағат тілімен
бұрыңыз.
Дұрыс бекітілген,
зақымдалмаған тез қысқыш
гайканы сақинаны сағат
тіліне кері бұру арқылы
бұра алуға болады.
Ешқашан қатты
бекемделген тез қысқыш
гайканы тістеуікпен бұрап
алмаңыз, екі бүйірлік
тесігі бар гайка кілтін
пайдаланыңыз. Гайка
кілтін суретте
көрсетілгендей екі бүйірлік тесігімен орнатыңыз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
-1
айналымдар саны [мин
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Қaзақша | 285
1 609 92A 2U4 | (21.10.16)