3M PROTECTA Lanyard Manual Del Usuario página 121

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 48
ЖАЛҒАҒЫШТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ: Орнатылатын бағдарына қарамастан, өлшемдері мен пішіндері себебінен ысырма
2.5
механизмдері байқаусызда ашылмайтын жолмен бірге жұмыс істейтіндей жобаланған кезде, жалғағыштар жалғағыш
элементтермен үйлесімді болып саналады. Үйлесімділік бойынша сұрақтарыңыз болса, 3M компаниясына хабарласыңыз.
Жалғағыштар (ілгектер, карабиндер және D пішіндес сақиналар) кем дегенде 22 кН (5,000 фунт) салмақты көтере алуы қажет.
Жалғағыштар анкермен немесе басқа жүйе құрамдастарымен үйлесімді болуы керек. Үйлеспейтін жабдықты пайдалануға
болмайды. Үйлеспейтін жалғағыштар өздігінен босап кетуі мүмкін (4-суретті қараңыз). Жалғағыштардың өлшемі, пішіні және
беріктігі үйлесімді болуы керек. Өздігінен құлыпталатын ілмектер мен карабиндер қажет. Ілмек немесе карабин бекітілетін
жалғағыш элементтің өлшемі немесе пішіні дұрыс болмаса, жалғағыш элемент ілмектің немесе карабиннің ысырмасына (A)
салмақ түсірген кезде қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Бұндай салмақтың себебінен ысырма ашылып (B), ілмектің немесе
карабиннің жалғау нүктесінен (C) ажыратылуына себеп болуы мүмкін.
2.6
ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ: Осы жабдықпен пайдаланылатын ілмектер мен карабиндер өздігінен құлыпталатын болуы тиіс.
Барлық жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Үйлеспейтін жабдықты
пайдалануға болмайды. Барлық жалғағыштардың толық жабылып, құлыпталғанын тексеріңіз. 3M жалғағыштары (бекітілетін
ілмектер және карабиндер) тек өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдалану үшін жобаланған. Дұрыс
жалғамаудың мысалдарын 5-суреттен қараңыз. Ілмектерді және карабиндерді келесі жағдайларда жалғауға болмайды:
A.
Басқа жалғағыш бекітілген D пішіндес сақинаға жалғау.
B.
Ысырмаға күш түсіретін жолмен жалғау. Ілгек 16 кН (3600 фунттық) ысырмамен жабдықталған жағдайларды есепке
алмағанда, ауызы үлкен ілмектерді стандартты өлшемдегі D пішіндес сақиналарға немесе соған ұқсас заттарға жалғауға
болмайды, себебі ілмек немесе D пішіндес сақина бұралған немесе айналған кезде ол ысырмаға күш түсіреді.
C.
Жалғағыштардың өлшемі мен пішіні үйлеспей, дұрыс жалғанбаған кезде, жалғағыштар визуалды растаусыз толық
бекітілген болып көрінеді.
D.
Бір-біріне жалғау.
E.
Тікелей тоқыма бауға, арқан белдігіне немесе арқандық ілмекке жалғау (екі арқанға және жалғағышқа арналған өндірушінің
нұсқаулығында бұндай қосылымға рұқсат етілген жағдайларды есепке алмағанда).
F.
Ілмектің немесе карабиннің жабылуына немесе құлыпталуына мүмкіндік бермейтін және шығып кетуі мүмкін пішіндегі
немесе өлшемдегі кез келген затқа жалғау.
G.
Салмақ түскен кезде жалғағыштың тиісті түрде туралануына мүмкіндік бермейтін жолмен жалғау.
121
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido