OBJ_BUCH-821-004.book Page 141 Wednesday, February 10, 2016 8:48 AM
Бағыт көрсеткіштері
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі 10 орналасуы көрсетіледі:
– "төменге жылжыту" d, "жоғарыға жылжыту" b немесе орта c бағыт
көрсеткіштері арқылы дисплейде 4 өлшеу құралының алды және арқа
жағында,
– "төменге жылжыту" 6, "жоғарыға жылжыту" 9 немесе орта 7 жарық диодтары
арқылы өлшеу құралының алды жағында,
– таңдаулы ретте сигналдық дыбыс арқылы ("Лазер сәулесін белгілеу үшін
сигналдық дыбыс" 141 бетінде қараңыз).
Өлшеу құралы тым төмен: Егер лазер сәулесі қабылдау өрісінің 10 жоғарғы
жартысынан өтсе, онда дисплейде b бағыт көрсеткіші мен тиісті жарық диод 9
жанады.
Сигнал дыбысы қосулы болса сигнал жай тактта дыбыс шығарады.
Өлшеу құралының көрсеткі бағытында жоғары жылжытыңыз.
Өлшеу құралы тым жоғары: Егер лазер сәулесі қабылдау өрісінің 10 төменгі
жартысынан өтсе, онда дисплейде d бағыт көрсеткіші мен тиісті жарық диод 6
жанады.
Сигнал дыбысы қосулы болса сигнал жылдам тактта дыбыс шығарады.
Өлшеу құралының көрсеткі бағытында төмен жылжытыңыз.
Өлшеу құралы ортада: Егер лазер сәулесі қабылдау өрісінен 10 орта 8 белгі
биіктігінде өтсе, онда дисплейде орта көрсеткіші c мен тиісті орта жарық диод 7
жанады. Сигнал қосулы болса ұзақ уақытты дыбыс шалады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі 10 орналасуы сигналдық дыбыс арқылы
белгіленуі мүмкін.
Өлшеу құралы қосылғанда сигналдық дыбыс әрдайым төмен дыбыс
қаттылығына реттелген болады.
Дыбыс қаттылығын көтеру немесе сигнал дыбысын өшіруге болады.
Сигнал дыбысын ауыстыру немесе өшіру үшін сигнал дыбысы 3 пернесін
дисплейде керекті қаттылық көрсетілгенше баса беріңіз. Дыбыс қаттылығы
төмен болса сигнал қаттылығының көрсеткіші a дисплейде бір сызықшамен,
дыбыс қаттылығы жоғары болса үш сызықамен пайда болады, сигнал дыбысы
өшік болса ол да өшеді.
Сигнал дыбысының реттелуіне қарамай өлшеу құралында перне басылғанда
растау үшін қысқа дыбыс төмен қаттылықпен шығады.
Bosch Power Tools
Қaзақша | 141
1 609 92A 269 | (10.2.16)