білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Панельдік ара ушін қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралы ескерту тақтасымен жабдықталған
(электр құралының суретінде графика бетінде 2
нөмірімен белгіленген).
Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде
болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның
орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы
жабыстрыңыз.
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
болсын.
Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр
құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты
жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
Қорғағыш қаптама дұрыс істеп бос жылжуын
қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан
ашық жағдайында қыспаңыз.
Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын,
ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан
алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
аралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Bosch Power Tools
Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда
ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау
жоғалтуына алып келеді.
Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін
дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш
жоңқадан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз. Айналып
тұрған аралау дискінде жатқан ағаш бөліктері немесе
басқа заттар пайдаланушыға қатты жылдамдықта тиюі
мүмкін.
Еденді ағаш жоңқалары мен қалдықтарынан бос
ұстаңыз. Сырғануыңыз немесе сүрінуіңіз мүмкін.
Өңделетін дайындаманы әрдайым қатты қысыңыз.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды
өңдемеңіз. Әйтпесе қолыңыздаң аралау дискісіна
шейін қашықтық өте кіші болады.
Электр құралын тек пайдалануға арналған
заттектерді пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралын
артық жүктеуіңіз мүмкін.
Егер аралау дискісі қысылса электр құралын
өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша
тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін
дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда
жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын
аралау дискісіның қысылу себебін жойыңыз.
Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері
немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске,
тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз
болмаса ара дискісімен жарақаттану мүмкін.
Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз.
Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы
керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар
пайдалануына жол бермейсіз.
Қaзақша | 179
1 609 92A 0VM | (23.7.14)