BD Veritor Manual Del Usuario página 65

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
5. Дисплей терезесінде INSERT TEST (СЫНАҚТЫ САЛЫҢЫЗ) деген жазу
пайда болғанда, BD Veritor жүйесінің тексеру картриджін дорбадан алып,
оқу құралының оң жағындағы ұяға 2-суретте көрсетілгендей картридждегі
салу көрсеткісін оқу құралындағы салу көрсеткісімен туралап салыңыз.
Картриджді тірелгенше салыңыз. Картридж оқу құралына тиісті түрде
орнатылғанда «сырт» етіп ерекше білінеді.
6. Оқу орындалып жатқанда дисплей қалған оқу уақытын көрсетеді. BD Veritor
жүйесінің оқу құралының оқу ұзақтығы шамамен 10 секундты құрайды. Бұл
кезде картриджді алмаңыз немесе оған тиіспеңіз.
7. Оқу аяқталғанда, сынақ нәтижесі төмендегі екі хабарламаның біреуі болып
экранға шығады:
QC PASS (САПА БАҚЫЛАУЫНАН ӨТТІ)
QC FAIL (САПА БАҚЫЛАУЫНАН ӨТПЕДІ)
8. Егер QC PASS (САПА БАҚЫЛАУЫНАН ӨТТІ) хабары пайда болса, оқу
құралын үлгілерді сынау үшін қолдануға болады. Егер QC FAIL (САПА
БАҚЫЛАУЫНАН ӨТПЕДІ) хабары пайда болса, оқу құралын үлгілерді сынау
үшін қолдануға болмайды және оны ауыстыру керек. Көмек алу үшін, BD
компаниясының жергілікті өкіліне хабарласыңыз.
9. BD Veritor жүйесінің тексеру картриджін келесі қолданыс үшін қайта
тығыздап жабылатын дорбаға қайтадан салып қойыңыз.
Тазалау
Сыртқы корпус пен дисплейді 70% изопропил спиртімен (IPA), 10% ағартқыш
ерітіндісімен немесе жұмсақ сабын ерітіндісімен аздап суланған таза сүлгімен
сүртуге болады. Тазалағыш ерітіндіні немесе қандай да бір басқа сұйықтықты
тікелей құрылғының ішіне кіргізбеңіз. Қатты суланған сүлгі қолданбаңыз,
себебі бұдан корпусқа немесе дисплей жіктеріне сұйықтық кіріп кетуі мүмкін.
Қайтадан қолданар алдында BD Veritor жүйесінің оқу құралы құрғақ екенін және
беттерінде сұйықтық жоқ екенін тексеріңіз.
Қызмет көрсету
Құрылғыда ауыстырылатын батареялардан басқа пайдаланушы жөндей
алатын бөлшектер жоқ. Техникалық мәселелер немесе сұрақтар бойынша BD
компаниясына хабарласыңыз.
Тасымалдау және сақтау
BD Veritor жүйесі жинағын бөлме температурасында немесе мұздатылған
күйде (2 – 30 °C) сақтауға болады. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
BD Veritor жүйесінің оқу құралын 15 – 30 °C аралығында сақтаған жөн.
65
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido