8. Сынақ атауының дұрыстығын тексеріңіз.
9. Сынақ атауының дұрыстығы тексеріліп, нәтиже жазып алынғаннан кейін,
құрылғыны суырып алыңыз. Дисплейдегі жазу INSERT TEST (СЫНАҚТЫ
САЛЫҢЫЗ) болып өзгеріп, оқу құралы тағы бір оқуға дайын екенін білдіреді.
10. Келесі құрылғыны салып, жоғарыдағы 5-9-қадамдарды қайталаңыз немесе
алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басып қуатты өшіріңіз. Егер оқу құралы
5 минут қараусыз қалса, қуат автоматты түрде өшіп, сынақ нәтижесі
сақталмайды. 5 минуттан кейін BD Veritor жүйесінің оқу құралы автоматты
түрде жұмысын аяқтайды және 2-9-қадамдарды қайталау керек болады.
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
BD Veritor жүйесінің тексеру картриджі
Пайдаланушының оқу құралына функциялық сынақ жүргізуіне мүмкіндік беру
үшін жинақпен бірге тексеру картриджі беріледі. Тексеру сынағын жүргізу
жиілігі жергілікті орын ережелерімен немесе тәжірибемен анықталады. Тексеру
сынағы оқу құралының ең көп рұқсат етілген сынақтарының саны үшін бір сынақ
ретінде санақ жүргізеді. Барлық BD Veritor жүйесінің тексеру картридждерін
BD компаниясынан немесе BD өкілеттік берген таратушыдан алу керек. Басқа
өндірушілердің картридждері BD Veritor жүйесінің оқу құралымен үйлесімді емес.
Тексеру сынағын орындау үшін:
1. BD Veritor жүйесінің оқу құралын жазық, құрғақ және орнықты жерге қойыңыз.
2. BD Veritor жүйесінің оқу құралына тікелей күн сәулесі немесе қатты жарық
түспеуін қамтамасыз етіңіз.
3. BD Veritor жүйесінің оқу құралына салынған құрылғы бар-жоғын тексеріңіз.
Егер құрылғы бар болса, оны BD Veritor жүйесінің оқу құралынан алып
тастаңыз.
4. Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз. BD Veritor жүйесінің оқу құралы
қолдануға дайын болғанша 5 секундтық өзіндік сынақ жүргізуі керек.
2-сурет – Құрылғыны салу және алу
64