BD Veritor Manual Del Usuario página 61

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 40
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
In vitro жағдайындағы диагностикаға арналған.
Көрсетілген мерзімі аяқталғаннан кейін қолданбаңыз.
Пайдаланылған BD Veritor жүйесінің сынақ жинағы құрылғыларын биоқауіпті
қалдық ретінде тастаңыз.
Мерзімі біткен BD Veritor жүйесінің оқу құралдарын биоқауіпті қалдық
ретінде және жергілікті экологиялық электрондық қалдықты пайдаға асыру
туралы ережелерге сәйкес тастаңыз.
Үлгілер мен жинақтар қолданылатын жерде тамақтанбаңыз, ішпеңіз немесе
темекі тартпаңыз.
Емханалық препараттардың ішінде гепатит вирусы және адамның иммунитет
тапшылығының вирусы сияқты патогендік микроағзалар болуы мүмкін. Қан
немесе дене сұйықтарымен ластанған барлық заттарды қолдану кезінде
«Стандартты сақтандыру шаралары»
қатысты мекемелік нұсқаулар орындалуы тиіс.
Үлгілерді өңдеу кезінде лабораториялық халаттар, бір реттік қолғаптар және
көзді қорғау жабдығы сияқты қорғаныш киім киіңіз.
Ылғалдылық пен температура нәтижелерге кері әсер етуі мүмкін, сондықтан
BD Veritor жүйесінің оқу құралын жабық жайда бөлме температурасында
(15 – 30 °C) пайдаланыңыз.
Жабдық осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес пайдаланылмаған жағдайда
бұл жабдық қамтамасыз ететін қорғау нашарлауы мүмкін.
BD Veritor жүйесінің оқу құралындағы батареяларды екі жаңа AA түріндегі
1,5 В зарядталмайтын LR6 сілтілі батареямен ауыстырыңыз. Өрт шығу қаупін
азайту үшін, BD Veritor жүйесінің оқу құралында зарядталатын батареялар,
литий-ионды батареялар немесе басқа да сілтісіз батарея түрлерін
қолданбаңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі диагностикалық порт тек BD компаниясының
қолдануына арналғанын ескеріңіз. Диагностикалық порттағы штепсельдерді
алып тастауға және BD Veritor жүйесінің оқу құралына қандай да бір
кабельдер жалғауға кеңес берілмейді.
BD Veritor жүйесінің оқу құралына тікелей күн сәулесі немесе қатты жарық
түспеуін қамтамасыз етіңіз.
BD Veritor жүйесінің оқу құралы тек BD Veritor жүйесінің сынақ жинағы
құрылғыларымен қолдануға арналған. BD Veritor жүйесінің оқу құралына
қандай да бір бөтен заттар салмаңыз.
1-4
биоқауіпті материалдарды өңдеуге
61
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido