ПАЙДАЛАНУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
BD Veritor жүйесінің оқу құралы BD Veritor жүйесінің сынақ жинағымен
қолдануға арналған. Арнайы нұсқаулар мен соңғы қолдану мерзімін (пішімі:
ЖЖЖЖ-АА-КК) әр BD Veritor жүйесінің сынақ жинағына қосылған жапсырмадан
табуға болады.
1. BD Veritor жүйесінің оқу құралын жазық, құрғақ және орнықты жерге
қойыңыз.
2. BD Veritor жүйесінің оқу құралына тікелей күн сәулесі немесе қатты жарық
түспеуін қамтамасыз етіңіз.
3. BD Veritor жүйесінің оқу құралына салынған құрылғы бар-жоғын тексеріңіз.
Егер құрылғы бар болса, оны BD Veritor жүйесінің оқу құралынан алып
тастаңыз.
4. Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз. BD Veritor жүйесінің оқу құралы
қолдануға дайын болғанша 5 секундтық өзіндік сынақ жүргізуі керек.
5. Дисплей терезесінде INSERT TEST (СЫНАҚТЫ САЛЫҢЫЗ) деген жазу
пайда болғанда, оқу құралының оң жағындағы ұяға BD Veritor жүйесінің
құрылғысын 2-суретте көрсетілгендей құрылғыдағы салу көрсеткісін оқу
құралындағы салу көрсеткісімен туралап салыңыз. Құрылғыны тірелгенше
салыңыз. Құрылғы оқу құралына тиісті түрде орнатылғанда «сырт» етіп
ерекше білінеді.
6. Оқу орындалып жатқанда дисплей қалған оқу уақытын көрсетеді. BD Veritor
жүйесінің оқу құралының оқу ұзақтығы шамамен 10 секундты құрайды.
Бұл кезде BD Veritor жүйесінің оқу құралына тиіспеңіз немесе BD Veritor
жүйесінің сынақ жинағының құрылғысын алмаңыз.
7. Оқу аяқталғанда, сынақ нәтижесі дисплейде сынақтың атымен және
оң сынақ немесе теріс сынақ болғанын көрсету үшін «+» немесе «–»
таңбасымен бірге көрсетіледі. Нақты оқылым түсіндірмелерін BD Veritor
жүйесі жинағының орамындағы қосымша беттен қараңыз.
1-сурет – Батареяға қол жеткізу
63