Сүзгіні Жартылай Автоматты Түрде Тазалау (I Суретін Қараңыз); Техникалық Күтім Және Қызмет Көрсету; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GAS 35 L SFC+ Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GAS 35 L SFC+ Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 32
156 | Қазақ
Сұйықтықтарды сорып алу
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (5) "Cору" белгісіне
жылжытыңыз.
Шаңсорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (35)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жетсе,
шаңсорғыш өшеді. Жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (5) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Нұсқау: ток өткізбейтін сұйықтықтарды сору кезінде
(мысалы, бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш
контейнердің толы күйінде өшпейді. Толтыру деңгейін
жүйелі түрде тексеру және контейнерді дер кезінде
босату керек.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (5) "Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
– Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғал шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (8) алып, сүзгі
қаптамасын (34) ашыңыз және екеуін де жақсылап
кептіріңіз.
Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (I
суретін қараңыз)
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты.
Жүйелі түрде пайдаланылса, максималды қуат ұзақ
сақталады.
Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (SFC+) кезінде
шаң отырып, ауа ағыны ауысқандықтан, жалпақ қатпарлы
сүзгінің панельдері тазаланады.
Беті ластанған қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде
сүзгіге зақым тиюі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау
функциясы зауытта іске қосылады (SFC+ ажыратқышы
(18) I күйінде).
– SFC+ сүзгіні тазалау функциясын іске қосу
Бүріккіш немесе сорғыш шланг саңылауын алақанмен
жабыңыз.
немесе SFC+ модулі (20) орнатылған жағдайда:
Іске қосу түймесін (33) шамамен 10 секунд ішінде
басыңыз.
– SFC+ функциясын ажырату
SFC+ ажыратқышын (18) алға жылжытыңыз (0 күйі).
– SFC+ функциясын іске қосу
SFC+ ажыратқышын (18) артқа жылжытыңыз (I күйі).
1 609 92A 4LX | (16.11.2018)
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Шаңсорғышты бөлшектеу,
тазалау бөлмесі жақсы желдетілуі керек. Шаңсорғыш
ажыратылатын бөлме жақсы желдетілуі керек. Қызмет
көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдықтарын киіңіз.
Қызмет көрсетуден соң қызмет көрсету жайын тазалау
керек.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам
сүзгінің зақымдалуы, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігі
және бақылау құрылғысының жұмыс істеуі сияқты шаң
тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Лас орталықта тұрған L сыныпындағы шаңсорғыштардың
сырты және барлық машина бөліктері тазаланып,
герметикпен өңделуі керек. Қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді
алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда
қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай
тастау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (J1−J2
суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалаңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) дереу
алмастырыңыз.
– Пластинаны (14) тартып, сүзгі қаптамасын (34)
ашыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) қалқасынан ұстап, оны
жоғары қарай шығарыңыз.
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) шығару кезінде түсетін
шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі
қаптамасының (34) жиегінен кетіріңіз.
ПЭС және ПТФЭ жалпақ қатпарлы сүзісін су ағынының
астында шаюға болады.
– Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (24)
орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 jc3 0

Tabla de contenido