OBJ_BUCH-3072-001.book Page 94 Wednesday, December 21, 2016 2:15 PM
94 | Қaзақша
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
1 609 92A 3HF | (21.12.16)
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Кернеу тұрақтандырғышы үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Кернеу тұрақтандырғышын тиісті тәртіппен жерге
қосылған тоқ желісіне қосыңыз. Розетка мен
ұзартқышта жұмыс істейтін қорғайтын сым болуы
қажет.
Кернеу тұрақтандырғышын жаңбырдан, сыздан
қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр
тоғының соғу қауіпін арттырады.
Кернеу тұрақтандырғышының (көрсеткіш) кернеуі
бұрауыш кернеуімен сәйкес болуы керек. Кернеу
тұрақтандырғышы тек қана кернеуі 9,6 В пен 14,4 В
болған Exact, AngleExact және BT-Exact
қатарларындағы Bosch өнеркәсіптік аккумуляторлық
бұрағыштарға сай. Кері жағдайда өрт немесе жарылу
қауіпі пайда болады.
Кернеу тұрақтандырғышын таза ұстаңыз. Құралдың
ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады.
Әр пайдаланудан алдын кернеу
тұрақтандырғышын, кабельді және штекерін
тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз кернеу
тұрақтандырғышын пайдаланбаңыз. Кернеу
тұрақтандырғышын өзіңіз ашпаңыз және оны тек
білікті маманға және тек түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған кернеу тұрақтандырғышы,
кабель және айыр электр тоғының соғу қауіпін
арттырады.
Кернеу тұрақтандырғышын қосулы күйде оңай
жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.)
үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың
жанында пайдаланбаңыз. Жұмыс кезінде кернеу
тұрақтандырғышының қызуы себебінен өрт қаупі пайда
болады.
Кернеу тұрақтандырғышының корпусын ашуға
талпынбаңыз. Тоқ соғу қаупі бар.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Кернеу тұрақтандырғышының суреті бар бетті ашып,
пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Кернеу тұрақтандырғышы тек Exact, AngleExact және
BT-Exact қатарларындағы Bosch өнеркәсіптік
аккумуляторлық бұрауыштарды тоқпен жабдықтауға
арналған (аккумуляторлық жұмысқа баламалы ретте).
Bosch Power Tools