Makita CB100D Manual De Instrucciones página 255

Ocultar thumbs Ver también para CB100D:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 49
Электрлік қауіпсіздік
Құрылғыны жаңбырдың астына немесе
ылғалды жерлерге қоймаңыз. Құрылғыға су
кіретін болса, ток соғу қаупі артады.
Қуат сымын дұрыс пайдаланыңыз.
Жамылғыны тасу, тарту немесе қуат көзінен
ажырату үшін ешқашан сымды пайдалануға
болмайды. Қуат сымын жылу ошағынан,
май және өткір жиектерден алыс ұстаңыз.
Қуат көзін USB портына қосуға болмайды.
Әйтпесе өрт шығу қаупі бар. USB порты тек
төмен кернеулі құрылғыларды зарядтауға
арналған.
Төмен кернеулі құрылғыны зарядтамайтын
кезде, USB портын әрдайым қақпақпен
жабыңыз.
USB құрылғысын енгізетін портқа тырнақ,
сым, т.б. заттарды салмаңыз. Әйтпесе қысқа
тұйықталудан түтін немесе өрт шығуы мүмкін.
Сымды және аккумуляторды дымқыл
немесе лас қолмен ұстамаңыз.
Құрылғының сымы немесе ашасы
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
Тек Makita компаниясы көрсеткен
аккумулятор картриджін және аккумулятор
ұстағышын пайдаланыңыз.
Аккумулятор қуаты беріліп жатқан кезде,
ешбір сымды ажыратулы күйде қалдыруға
болмайды. Кішкентай балалар қуат беріліп
жатқан ашаны ауыздарына салып, жарақат
алуы мүмкін.
Аккумулятор ұстағышының ашасын Makita
компаниясы көрсеткен өнімдерден басқа
құрылғыларға қосуға болмайды.
Жеке қауіпсіздік
Құрылғыны пайдаланған кезде, жасап
жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып,
мұқият болыңыз. Шаршағанда немесе
есірткі, алкоголь немесе дәрі-дәрмектің
әсерінде болған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз. Құрылғыны пайдалану
кезінде сәл ғана аңсыздық таныту ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрылғыны пайдалану және күтім көрсету
Ауыстырып-қосқышы қосылмаса және
өшпесе, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқышы арқылы басқарылмайтын
кез келген құрылғы қауіп төндіреді және оны
жөндеу керек.
Құрылғыға техникалық қызмет
көрсетіңіз. Зақымдалған бөлшектердің
және құрылғының жұмысына кері әсер
ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын
тексеріңіз. Зақымы бар болса, құрылғыны
пайдаланудан бұрын жөндеуден өткізіңіз.
Құрылғыны жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Құрылғыны басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Созылмалы сақтандырғыш үзілсе,
құрылғыны жөндеу үшін өкілетті қызмет
көрсету орталығына қайтарыңыз.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от немесе
шамадан тыс жоғары температура шығаратын
заттың жанына қоймаңыз. Отқа түссе немесе
температура 130 °C-тан жоғары болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
255 ҚАЗАҚША
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Dcb200Dcb200aCb100daCb100dbDcb200b

Tabla de contenido