ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Маңызды нұсқаулар. Болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Пайдаланбайтын уақытта келесідей сақтаңыз:
•
Құрылғыны бүктеуден бұрын суытып алыңыз.
—
Құрылғыны сақтау кезінде үстіне заттар қойып,
—
мыжылуына жол бермеңіз.
Құрылғыда тозу мен зақымдалу белгілерінің бар-жоғын
•
жиі тексеріп тұрыңыз. Қандай да бір белгілер анықталса
немесе құрылғы дұрыс пайдаланылмаса, оны әрі қарай
пайдалануды жалғастыру үшін жеткізушіге қайтарыңыз.
Құрылғы ауруханаларда медициналық мақсаттарда
•
пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғыны жылуға сезімтал және қызу әсерін көтере
•
алмайтын адамдардың пайдалануына болмайды.
Үш жасқа толмаған балалардың қызуды көтере алмауына
•
байланысты, бұл құрылғыны оларға пайдалануға болмайды.
Құрылғыны үш жастан асқан балаларға ата-анасы немесе
•
қамқоршысы басқару элементтерін алдын ала орнатпаған
немесе балаға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы тиісті
нұсқаулар берілмеген жағдайда пайдалануға болмайды.
Жуу кезінде ауыстырып-қосқышқа немесе басқару
•
блогына судың кіруіне жол бермеңіз. Ал құрғату кезінде
сымды ауыстырып-қосқышқа немесе басқару блогына су
кірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғыны 8
•
және одан жоғары жастағы балалардың және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған
және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға
ересектердің бақылауынсыз орындауға болмайды.
251 ҚАЗАҚША