412 | Қазақ
Пайдалану нұсқаулары
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер
u
сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Лазер нысандық тақтасы (25) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (25) лазер сызығының көрінуін
жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"-
штатив патронымен (12) штативіне немесе (29) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (13)
пайдаланыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Магниттік айналмалы ұстағышпен жұмыс істеу (A−F суреттерін қараңыз)
Магниттік айналмалы ұстағыштың (9) орналастыру мүмкіндіктері:
– тегіс бетке тұрғызылған күйде (A суретін қараңыз),
– әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен тік беттегі бойлық бекіткіш саңылау (8)
арқылы (B суретін қараңыз),
– магниттердің (14) көмегімен магниттік материалдарда (C суретін қараңыз),
– төбе қапсырмасымен (23) бірге металл төбе рейкаларында (D−E суреттерін
қараңыз),
– штативке монтаждалған күйде (F суретін қараңыз).
Магниттік айналмалы ұстағышты үстіңгі беттерге бекіткен кезде
u
саусағыңызды айналмалы ұстағыштың артқы жағынан алшақ ұстаңыз.
Магниттің (14) қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын магниттік айналмалы ұстағышты (9) шамамен
туралаңыз.
Айналмалы ұстағыштың дәлдеп реттеу бұрандасының (11) көмегімен тік лазер
сызықтарын негізгі нүктелермен дәлдеп туралаға болады.
1 609 92A 8JB | (08.12.2023)
Bosch Power Tools