Metabo BE 650 Manual Original página 66

Ocultar thumbs Ver también para BE 650:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 25
kk
ҚАЗАҚША
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы бұрауыш дрельдер/
соқпа дрельдер *1) директивалардың *2) және
стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3).
техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) -
3-бетті қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
SBE 650, SBE 650 Impuls:
Соқпа дрель металл, ағаш, пластик пен ұқсас
материалдар бойынша соққысыз бұрғылауға
және бетон, тас пен ұқсас материалдар
бойынша соққымен бұрғылауға арналған.
B 650, BE 650:
Бұрауыш дрель металл, ағаш, пластик пен
ұқсас материалдар бойынша соққысыз
бұрғылауға арналған.
BE 650, SBE 650, SBE 650 Impuls:
Аспап ирек ойманы кесуге және бұрауға
арналған.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік
құралмен бірге берілген барлық
қауіпсіздік бойынша нұсқаулар, жалпы
нұсқаулар, суреттер мен техникалық
деректерді оқып шығыңыз.
нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
66
Төмендегі
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
4.1
Барлық жұмыстарға арналған
қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
а) Соққымен бұрғылау кезінде есту
мүшелерінің қорғанысын тағыңыз. Шуыл
әсері есту қабілетінен айырылуға апарып соғуы
мүмкін.
ә) Құрылғымен бірге жеткізілген қосымша
тұтқышты пайдаланыңыз. Бақылау
мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз
мүмкін.
б) Электр құралын пайдаланбас бұрын
жақсылап тіреп қойыңыз. Аталмыш электрлік
құрал жоғары айналу моментін шығарады.
Электрлік құрал жұмыс барысында берік
тірелмеген жағдайда, бұл бақылау
мүмкіндігінен айырылуға және жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
в) Жұмыс құралының немесе
бұрандалардың жасырын қуат сымдарымен
немесе жеке жалғағыш кабельмен жанасу
мүмкіндігі бар жұмыстарды өткізген кезде
электрлік құралды оқшауланған тұтқа
беттерінен ұстаңыз. Кернеу астындағы
сыммен жанасу құрылғының металл
бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
4.2
Ұзын бұрғыны пайдаланған
жағдайдағы қауіпсіздік техникасының
нұсқаулары
а) Еш жағдайда бұрғы үшін рұқсат етілген
максималды айналу жиілігінен асатын
айналу жиілігімен жұмыс істемеңіз. Айналу
жиіліктері жоғары болған жағдайда, бұрғы
дайындамамен жанаспай еркін айнала отырып,
сәл деформациялануы және жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
ә) Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу
жиілігімен және бұрғы дайындамамен
жанасып тұрғанда бастаңыз. Айналу
жиіліктері жоғары болған жағдайда, бұрғы
дайындамамен жанаспай еркін айнала отырып,
сәл деформациялануы және жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
б) Шамадан артық қысым түсірмеңіз және
бұрғыға бойлық бағытпен ғана қысым
түсіріңіз. Бұрғы деформациялануы және сынуы
немесе бақылау мүмкіндігінен айырылуға және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар
Қандай да бір реттеу немесе техникалық қызмет
көрсету әрекетін орындамас бұрын желілік
ашаны розеткадан шығарып алыңыз.
Өңделетін жерде қуат, су немесе газ желілері
жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, металл
іздегіштің көмегімен).
loading

Este manual también es adecuado para:

B 650Sbe 650Sbe 650 impuls600742870