Hilti NRC 6-22 Manual De Instrucciones Original página 254

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 64
4. Ара төсемі құлыптаулы болғанда, қыспа бұранданы босату және шығарып алу үшін ішкі алты қырлы
кілтті енді сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
5. Қыспа фланецті және ара төсемін шығарып алыңыз.
5.5
Ара төсемін алмастыру
Тек Hilti NRC Xcut 110/4.3" ара төсемін пайдаланыңыз. Тек ақаусыз күйдегі ара төсемдерін пайдала-
ныңыз.
1. Ара төсемін жетек шпинделіне енгізіңіз. Жетек шпинделінің төрт орналастыру сұққышы ара төсемінің
саңылауларына кіргеніне көз жеткізіңіз.
Ара тістерін, аспап реттеулерін және айналу бағытын тексеріп шығыңыз. Тістері 1 мм-ден кем
шамаға дейін тозған ара төсемдерін пайдаланбаңыз.
2. Жаңа қыспа фланецті енгізіңіз.
3. Жаңа қыспа бұранданы енгізіңіз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін толықтай ішке кіргізіп, бұранданы ішкі алты қырлы кілттің көмегімен
мықтап тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесі толығымен ішке кіргеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе ара төсемі
айналуы және жарақаттануға әкелуі мүмкін.
5. Жаңа ара төсемінің қаптамасын 4 ұстағыш бұрандамен бірге орнатып, бұрандаларды ішкі алты
қырлы кілттің көмегімен мықтап тартыңыз.
5.6
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti ұсынған #2293133 құлаудан сақтандырғышын
Hilti ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанымен бірге қолданыңыз.
▶ Құлаудан сақтандырғышты керек-жараққа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз.
бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жүк көтеретін
құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.
Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша
нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
5.7
Жоңқа контейнерін орнату немесе алып тастау
1. Орнату үшін жоңқа контейнерінің адаптерін жоңқа контейнері ұстағышының үстіне шерту
дыбысымен тірелгенше жылжытыңыз.
2. Алып тастау үшін жоңқа контейнерінің адаптеріндегі екі қысқышты да сәл сыртқа тарту арқылы
босатыңыз.
5.8
Бүйірлік тұтқышты монтаждау
▶ Бүйірлік тұтқышты бұрандалы саңылаулардың біріне бұрап кіргізіңіз.
5.9
Саңылау енін реттеу
1. Енін реттеу бұрандасын босатыңыз.
2. Қалаулы саңылау еніне қол жеткізу үшін енін реттеу блогын солға немесе оңға жылжытыңыз.
250
Қазақ
3
2412886
*2412886*
Берік
loading