көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз,
олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
▶ Өнімді әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады. Өнімді балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Пайдаланушы мен оның айналасындағы адамдар өнімді пайдалану барысында көз қорғанысын,
қорғауыш шлем, құлақ қорғанысы мен тыныс мүшелерінің қорғанысын пайдалануы керек.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
▶ Бұл өнімге ешқандай белдік ілгектерін бекітпеңіз.
▶ Өнім жұмыс істеп тұрғанда, металл бастиекке тимеңіз, себебі ол ыстық болады.
▶ Материалды кескеннен кейін ыстық кесік бетіне тимеңіз.
▶ Ара төсемі мен басқа металл бөлшектер ыстық немесе өткір жиекті болуы мүмкін. Ара төсемін
алмастыру, жоңқа контейнерін босату және желдету саңылауларын тазалау кезінде қорғаныш
қолғап киіп жүріңіз.
▶ Дайындаманы қолмен ұстамаңыз, оның орнына кесу кезінде қозғалыстардың алдын алу үшін
қысқыш немесе ұқсас құрылғыны пайдаланыңыз.
жағдайда, жұмыс тұрақсыз болып, оны бақылау қиынға соғады.
дайындаманы дұрыстап бекітіңіз, әйтпесе ара төсемі зақымдалып, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
*2412886*
2412886
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Дайындама қозғалған немесе дірілдеген
Жұмысты бірден тоқтатып,
Қазақ
243