Hilti ST 1800 Manual De Instrucciones página 129

Ocultar thumbs Ver también para ST 1800:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 41
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз.
Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Гайка бұрауыш пен соқпалы гайка бұрауышқа арналған қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
▶ Бұранданың жасырын қуат сымдарымен немесе электр құралының байланыс сымдарымен
жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр құралын оқшауланған
тұтқа беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр сымдарына тиген жағдайда аспаптың
металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Өнім жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат
алуға әкелуі мүмкін.
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Өнімді қолданған кезде арнайы қорғауыш көзілдірік, қорғауыш шлем, құлаққап пен жеңіл
респиратор киіп жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларының бар-
жоғын тексеріп шығыңыз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Алмалы-салмалы аспап блокталған жағдайда, өнімді бірден өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы
мүмкін.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
*378502*
378502
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Қазақ
123
loading