Epson TM-T70 Manual Del Usuario página 70

Ocultar thumbs Ver también para TM-T70:
Қағаз орамын орнату
1.
Принтер қақпағын ашу үшін E суретінде көрсеткімен көрсетілген тұтқаны
басыңыз.
2.
Пайдаланылған орам қағаз өзегін алыңыз.
3.
Орам қағазды F суретінде көрсетілгендей орнатыңыз. Қағаздың дұрыс
бағыты G суретінде көрсетілген.
4.
Қағаз H суретінде көрсетілгендей қағаз бағыттағыштары арасында
орнатылуы үшін біраз орам қағазды тартып шығарыңыз.
5.
Принтерді I суретінде көрсетілгендей жабыңыз және орам қағаз
бағыттағыштар арасында дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
6.
Орам қағазды J суретінде көрсетілгендей жыртып алыңыз.
Ақаулықтарды жою
Басқару тақтасында шамдар жанбайды
Тұрақты ток кабелі және айнымалы ток кабелі принтерге және розеткаға дұрыс
қосылғанын тексеріңіз.
ҚАТЕ ЖШД (ERROR) қосулы (жыпылықтамайды) және басып шығармайды
Егер ҚАҒАЗ БІТТІ қосулы болса, орам қағаз орнатылмаған немесе біткен.
Егер ҚАҒАЗ БІТТІ өшірулі болса, принтер қақпағы дұрыс жабылмаған.
ҚАТЕ ЖШД (ERROR) жыпылықтайды және басып шығармайды (және қағаз
кептелісі жоқ)
Жылу басы қызып кеткен кезде тоқтайды және суыған кезде автоматты түрде
жалғасады.
Егер қызып кету себеп болмаса, принтерді өшіріңіз және 10 секундтан кейін қайта
қосыңыз.
Кептелген қағазды алу
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ:
Жылу басын ұстамаңыз, себебі басып шығарғаннан кейін ол өте ыстық болуы мүмкін.
1.
Принтерді өшіріңіз және қақпақты ашу тұтқасын басыңыз.
2.
Кептелген қағазды алыңыз, орамды қайта орнатыңыз және принтер қақпағын
жабыңыз.
Жылу басын тазалау
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ:
Басып шығарғаннан кейін жылу басы өте ыстық болуы мүмкін. Оны ұстамаңыз және
тазалау алдында оны суытыңыз. Жылу басын қолыңызбен немесе қатты затпен ұстап,
оны зақымдап алмаңыз.
Принтерді өшіріңіз және принтер қақпағын ашыңыз. K суретінде көрсетілгендей,
жылу басының жылу элементтерін алкоголь ерітіндісіне (этанол немесе изопропил
спирті) малынған мақта дәкесімен тазалаңыз.
Epson материалдарды басып шығару сапасын сақтау үшін жылу басын кезеңді
түрде (әдетте 3 ай сайын) тазалауды ұсынады.
62 TM-T70 Пайдаланушы нұсқаулығы
loading