OBJ_BUCH-293-007.book Page 153 Tuesday, February 10, 2015 8:40 AM
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін 33 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (D суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 28 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 14 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 14 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 28 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 28 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін
28 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 1 бүйірлік бөлігіне
қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаларды 8 мен 16 босатыңыз. Араны
бұраңыз. Қажетті өлшемді 6 шкаласында қажет мәнді
орнатыңыз. 8 мен 16 қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 29 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
0 аралау бұрышының белгісі° (9) тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45 аралау
бұрышының белгісі° (10) 45° бұрышпен, бағыттауыш
рейканы пайдаланусыз аралау кезіндегі аралау дискісінің
күйін көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Bosch Power Tools
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 3 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 3
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 3
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Ескертпе: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс
істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын
болдырмау және электр құралдың кері соққысын
болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Параллельді тірек бар аралау (E суретін қараңыз)
Параллельді тірек 11 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қaзақша | 153
1 609 92A 14V | (10.2.15)