Bosch AC-EXP Manual De Instalación página 23

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 9
4
Қоршаған ортаны қорғау және Қайта
өңдеуге жіберу
Қоршаған ортаны қорғау — Bosch компаниялар тобының
кәсіпкерлік принципі болып табылады
Өнім сапасы, үнемділік және қоршаған ортаны қорғау біз
үшін маңыздылығы бірдей мақсаттар болып табылады. Біз
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар мен ережелерді
қатаң қадағалаймыз.
Қоршаған ортаны қорғау үшін үнемділікпен қатар, ең үздік
технологиялар мен материалдарды қолданамыз.
Қаптама
Қаптамаға қатысты айтарымыз, біз оңтайлы қайта өңдеу
шарттарын ұсынатын жергілікті қаптама жасау
мекемелерімен бірге қызмет етеміз.
Қолданылатын барлық қаптамалар қоршаған ортаға
қауіпсіз және қайта өңдеуге жарамды.
Қызмет көрсету мерзімі аяқталған жабдықтар
Ескі құрылғылар құрамында қайта өңделе алынатын бағалы
заттар бар.
Түйіндер оңай ажырайды. Пластмасса элементтер
таңбаланған. Осылайша әр түрлі түйіндерді сұрыптап,
оларды екінші рет пайдалануға немесе қайта өңдеуге
жіберуге болады.
Мерзімі аяқталған электрлік және электрондық
құрылғылар
Бұл таңба өнімнің басқа қалдықтармен бірге
кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін білдіреді,
бірақ қалдықтар өңдеу, жинау, қайта пайдалану
және кәдеге жарату үшін жинау орындарына
жеткізілуі тиіс.
Таңба электрондық қалдықтарды реттеу ережелері бар
елдерде қолданылады, мысалы, "Электрлік және
электрондық жабдықтарды кәдеге жарату бойынша 2012/
19/EC Еуропалық директивасы". Бұл ережелер жекелеген
елдерде пайдаланылған электроника жабдықтарын қайтару
және кәдеге жарату үшін қолданылатын шектік шарттарды
белгілейді.
Электрондық құрылғыларда қауіпті заттар болуы мүмкін
болғандықтан, олар мүмкін болатын экологиялық залал мен
адам денсаулығына қауіп төндіруді азайту үшін
жауапкершілікпен өңделуі тиіс. Сонымен қатар,
электрондық қалдықтарды қайта өңдеу табиғи ресурстарды
сақтауға ықпал етеді.
Электрлік және электрондық жабдықтарды экологиялық
қауіпсіз кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін
жергілікті құзырлы органдарға, Қалдықтарды кәдеге
жарату компаниясына немесе өнімді сатқан дилерге
хабарласыңыз.
AC-EXP – 6720891892 (2023/02)
Қоршаған ортаны қорғау және Қайта өңдеуге жіберу
Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз:
www.weee.bosch-thermotechnology.com/
23
loading