Жұмысқа Дайындық - Hilti TE DRS-5 Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para TE DRS-5:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
TE5-22 бар
5
Жұмысқа дайындық
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1
Шаңсорғыш модульді орнату
1. Перфоратордың оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2. Тереңдік шектегішін бөлшектеңіз.
3. Қосымша тұтқышты, ол кедергі келтірмейтіндей бұраңыз.
4. Шаңсорғыш модульді перфоратордағы бұғаттау сұққышына іліңіз.
Ілу кезінде перфоратордың алмалы-салмалы аспабы шаңсорғыш модульдің экстракциялық
бастиегі арқылы өтетіндігіне көз жеткізіңіз.
5. Шаңсорғыш модуль шерту дыбысымен тірелгенше, перфоратордағы электрлік интерфейсті
басыңыз.
6. Шаңсорғыш модуль дұрыс тірелгенін тексеріңіз.
5.2
Шаңсорғыш модульді бөлшектеу
1. Перфоратордың оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ауыстырыңыз.
2. Шаңсорғыш модульдегі құлыпты басып тұрыңыз.
3. Электрлік интерфейсті перфоратордан тартып шығарыңыз.
4. Шаңсорғыш модульді перфоратордағы бұғаттау сұққыштарынан босатыңыз.
5.3
Толық жүрісті реттеу
1. Толық жүрісті реттеуге арналған босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Алмалы-салмалы аспабы салынған перфораторды, алмалы-салмалы аспап астыңғы бетке тигенше,
астыңғы бетке қарай басыңыз.
▶ Толық жүріс алмалы-салмалы аспаптың ұзындығына сәйкес реттеледі.
3. Толық жүрісті реттеуге арналған босату түймесін жіберіңіз.
5.4
Тереңдік шектегішін орнату
Егер дәлме-дәл бұрғылау тереңдігі қажет болса, оны сынақ бұрғылау арқылы анықтау керек.
1. Тереңдік шектегішінің босату түймесін басып тұрыңыз.
2. Тереңдік шектегішін қалаулы бұрғылау тереңдігіне дейін жылжытыңыз.
3. Тереңдік шектегішінің босату түймесін жіберіңіз.
6
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
*2354048*
TE-CX X" x 8"
5,3 дюйм
TE-CX X" x 6"
3,2 дюйм
2
3
4
5
2354048
Қазақ
183
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido