2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз, себебі алмалы-салмалы аспап пен құрал
бекіткіші қолдану кезінде қызып кетеді.
▶ Өнімнің айналу моменті жоғары. Бұл оны пайдалану салаларына сай келеді. Өнімді әрқашан екі
қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Оператор аспаптың кенет бұғатталуына дайын болуы керек.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Бүйірлік тұтқышты әрқашан
сыртынан ұстаңыз.
▶ Өңдеу арқылы материал жарылуы мүмкін. Бұл сынықтар дене мен көздерге жарақат тигізуі мүмкін.
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз. Шаңсорғышты пайдаланған кезде қосымша жеңіл респираторды киіп жүріңіз.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Төбе, қабырға мен еденді қашау кезінде қауіпсіз және тұрақты күйді сақтаңыз. Кенет жарылу
нәтижесінде тепе-теңдігіңіз бұзылуы мүмкін.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶ Шаң қатты басқан ортада жұмыс істемеңіз.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
▶ Жарыққа (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне тікелей
бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
▶ Ылғалдың кіруіне жол бермеңіз. Ылғалдан туындайтын қысқа тұйықталу өртке немесе күйіп қалуға
әкелуі мүмкін.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Бұл өнімге ешқандай белдік ілгектерін бекітпеңіз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс аймағындағы электрлік сымдар, газ бен су құбырлары жабық
екендігіне көз жеткізіңіз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Құрал блокталған кезде, өнімді бірден өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы мүмкін.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
2.4
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік
шараларын орындаңыз.
жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶ Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
*2265062*
Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш
2265062
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Қазақ
221