OBJ_BUCH-1919-002.book Page 103 Monday, September 16, 2013 3:54 PM
Бақ электрбұйымын аяқ киімін кимей немесе ашық
сандал аяқ киімін ғана кигеніңізде қолданбаңыз.
Әрқашан тұрақты аяқ киімдері мен ұзын шалбар киіп
жүріңіз.
Шөп шабылатын жерді мұқият тексеріп алып, осы
жерде бар болған тас, таяқ, сым, сүйек және басқа
заттарын алдын ала жинап шығарып алыңыз.
Қолдану алдынан әрқашан электрбұйымның
пышақтарының, пышақ бұрандаларының және кесетін
құрастыру өлшемінің тозып немесе бұзылған түрде
болмауын тексеріп алыңыз. Теңгерімнің бұзылуын
болдырмау үшін тозып немесе бұзылып қалған
пышақтар мен пышақ бұрандаларын әрқашан толық
жинақтамасымен ауыстырыңыз.
Шөпті тек қана күндізгі жарықта немесе жарамды
жасанды жарықта шабыңыз.
Ауа райы нашар болған жағдайда, әсіресе боран мен
найзағай басталайын деп жатқанда көгалшапқышпен
жұмыс істемеңіз.
Шөп сулы және түрде болғанда бақ электрбұйымын
мүмкіндігінше қолданбауыңыз лазым.
Әрқашанда баяу жүріп, ешқашан тез жүрмеңіз.
Бақ электрбұйымын ешқашан бұзылған түрде болған
қорғау жүйелерімен, жапқыштармен немесе
қауіпсіздік құрылғыларымен, мысалы соққыдан
қорғайтын жүйе және/немесе шөп ұстайтын себет,
қолданбаңыз.
Құлақ сақтағышын киіңіз.
Электрбұйымды баурайларда қолдану өте қауіпті
болуы мүмкін.
– Аса құламалы еңістерінде шөп шаппаңыз.
– Қиғаш жерлерде немесе сулы және ылғал шөп үстінде
әрқашан тұрақты қауіпсіз жүре алуыңызға назар
аударыңыз.
– Қиғаш жерлерде әрқашан кесе көлденең шөп
шабыңыз, ешқашан жоғарыға және төменге қарай шөп
шаппаңыз.
– Құламалы еңістерде бағыт өзгертуіңізде аса баяу және
мұқият әрекет етіңіз.
Артқа қарай жүргеніңізде немесе бақ электрбұйымын
тартқаныңызда аса баяу және мұқият әрекет етіңіз.
Шөп шапқан уақытта бақ электрбұйымын ылғи алға
қарай итере отырыңыз, оны ешқашан денеңізге қарай
тартпаңыз.
Бақ электрбұйымын тасымалдау үшін еңкейткеніңізде,
немесе үстінде шөп жоқ жерлерден өткеніңізде, және
бақ электрбұйымын шөп шабылатын жерге және шөп
шабылған жерден тасымалдағаныңызда электрбұйым
пышақтарының қосылмай тұруы тиіс.
Шөп ұзын болған жерлерде қолдану үшін керек
болмаса, қозғалтқышты қосқанда немесе іске қосқанда
бақ электрбұйымын еңкейтпеңіз. Бұл жағдайда
қолданушы тарапынан бұрылған жағын қол тұтқасын
басу арқылы керек болғанша ғана көтере тұру қажет.
Бақ электрбұйымын қайта тоқтатқаныңызда
қолдарыңыздың тұтқада болуына назар аударыңыз.
Bosch Power Tools
Бақ электрбұйымын қолдану нұсқаулығында
көрсетілгендей іске қосып, аяқтарыңыздың айналып
тұратын бөлшектерінен ұзақ аралықта болуына назар
аударыңыз.
Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды айналып тұратын
бөлшектеріне жақын немесе олардың астында
ұстамаңыз.
Бақ электрбұйымымен жұмыс істегеніңізде оның
шығару бөлшегінен ұзақ тұрыңыз.
Қозғалтқышы істе болып тұрған бақ электрбұйымын
ешқашан көтермеңіз немесе тасымаңыз.
Бақ электрбұйымында ешбір өзгерту жұмыстарын
өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ
электрбұйымыңыздың қауіпсіздігін зақымдап,
шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшейтілуіне апара
алады.
Қосу кабелі мен қолданылатын ұзарту кабелін ұдайы
тексеріп жүруіңіз лазым. Зақымданып бұзылған
кабелін электр тоқ беру жүйесіне қоспаңыз, немесе
оны электр тоқ беру жүйесінен шығарғанша дейін
қолыңызбен ұстамаңыз. Зақымданып бұзылған
кабелінде кернеу өткізетін бөлшектеріне тиіп кетуіңіз
мүмкін. Электр тоқ соққысы арқылы пайда бола алатын
қауіптерінен сақтаныңыз.
Жапырақтарды жинау
Жапырақтарды жинау пышағы күз жапырақтарын
өзіңіздің гүлзарыңыздан жинай алатындай қылып
қалыптап шығарылған. Осы функцияның ең оңтайлы
нәтижеге жете алуы үшін төмендегілерге сәйкес әрекет
етуіңіз лазым:
– жапырақтарды кесу биіктік параметрі 70 мм болғанда
ғана жинаңыз
– жапырақтарды тек қана өзіңіздің гүлзарыңызда
жинаңыз
– жапырақ жинау алдында жұмыс алаңын тексеріп алып,
адамдарды, үй малдарын, әйнектен жасалған
бұйымдары мен көліктерді осы жерден ұзақта ұстаңыз
Төменгі жағдайларда электр айырын
электррозеткасынан шығару керек:
– бақ электрбұйымды қалдырып кетуіңіз керек болып
қалғанда әрқашан,
– кедергілерді кетіріп жою алдынан,
– бақ электрбұйымын тексергеніңізде, тазалағаныңызда
немесе электрбұйым бойынша жұмыстар
өткізгеніңізде,
– бөтен заттармен соққылыс болғаннан кейін. Бақ
электрбұйымында бұзылу пайда болған болмағанын
дереу тексеріп алып, керек болса жөндетіп алыңыз,
– егер бақ электрбұйымы қалыптағыдай емес дірілдей
бастаса (дереу тексеріңіз).
Электр тоқ жүйесіне қосу
Электр тоқ беру ауызының кернеуі электрбұйымның
тақташасындағы техникалық мәліметтеріне сай болуы
керек.
Қазақша | 103
F 016 L70 884 | (16.9.13)