Bosch Professional GAS 35 M AFC Manual Original página 187

Ocultar thumbs Ver también para Professional GAS 35 M AFC:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 36
Егер дыбыстық сигнал берілсе, шаңсорғышты
"Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеру
керек.
Ылғал шаңсору
Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер
u
сияқты жанғыш немесе жарылатын
сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын
шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар
бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға
u
болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға
арналған.
Нұсқау: өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (L шаң
класы) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары
– Қажет болса, қоқыс қабын (25) немесе шаң жинағыш
қапты шығарып алыңыз.
Нұсқау: су мен қатты заттек қосындысын сору кезінде
оңай қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (керек-
жарақ) пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатта заттектерден
ажыратады.
– Резеңке жиекті (28) едендік саптамаға (30)
орнатыңыз (қараңыз „Резеңке жиекті орнату (ылғалды
сору) (E суретін қараңыз)", Бет 185).
– Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC) функциясын
өшіріңіз (қараңыз „Сүзгіні автоматты түрде тазалау (H
суретін қараңыз)", Бет 187).
Сұйықтықтарды сорып алу
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (7) "Cору" белгісіне
жылжытыңыз.
Шаңсорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (37)
жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жетсе,
шаңсорғыш өшеді. Жұмыс режимдерін ауыстырып-
қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Нұсқау: ток өткізбейтін сұйықтықтарды сору кезінде
(мысалы, бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш
контейнердің толы күйінде өшпейді. Толтыру деңгейін
жүйелі түрде тексеру және контейнерді дер кезінде
босату керек.
Ылғал шаң сору кезінде дыбыстық сигнал берілсе,
шаңсорғыштың жұмыс қауіпсіздігі төмендемейді.
Ақаулықты жою үшін ешқандай шара қолдану қажет емес.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін
ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне
жылжытыңыз.
– Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды (2) шланг
патронына (3) бұрап бекітіңіз.
– Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғал шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (26) шығарып, оны жақсылап
кептіріңіз.
Bosch Power Tools
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (12) алып, сүзгі
қаптамасын (36) ашыңыз және екеуін де жақсылап
кептіріңіз.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (H суретін
қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter
Cleaning) кезінде жалпақ қатпарлы сүзгі (26) бүкіл 15
секунд бойы ауа соққысы арқылы тазаланады
(импульстік шуыл).
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгі тазалауды жүйелі түрде пайдалану арқасында
сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін
сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше
жағдайда ғана өшіріңіз, мысалы, таза сұйықтықты сору
немесе қағаз сүзгі қабын пайдалану кезінде.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа
қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп
тазарту керек емес және мұндай әрекеттерден сүзгіге
зақым тиюі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы
зауытта қосылады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек құрылғы
қосулы болғанда қосуға/өшіруге болады.
– AFC функциясын ажырату
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (35) өшеді.
– AFC функциясын іске қосу
AFC түймесін (9) басыңыз.
Бақылау жарық диоды (35) жасыл түспен жанады.
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін
u
алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан
алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық
шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол
бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш
u
маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге
адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау
және қызмет көрсету керек. Ықтимал тәуекелдерге жол
бермеу үшін, шаңсорғышты бөлшектеу алдында тазалау
керек. Шаңсорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін
Қазақ | 187
1 609 92A 6R4 | (02.09.2021)
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 jc3 170Gas 35 m afc professional0 601 9c3 140

Tabla de contenido