OBJ_BUCH-275-003.book Page 155 Friday, December 6, 2013 3:12 PM
Жинау
Сенімді пайдалану аспаптары
Егер пневматикалық құралды ілгіш немесе қысқыш
аспапта пайдалану керек болса, ауа жетістіруді
қосудан алдын аспапты бекітіңіз. Осымен кездейсоқ
пайдаланудың алдын аласыз.
Ілгіш аспап
Ілгішпен 3 пневматикалық құралды ілгіш аспапта бекіту
мүмкін.
– Жоғарғы алдынғы бұрандаларды 1 алты қырлы
дөңгелек кілтпен („Техникалық мәліметтер" тарауын
қараңыз) сағат тіліне қарсы пневматикалық құрал
корпусынан бұрап шығарыңыз. Астына қоятын
тығырықтарды 2 алып, бұрандаларға 1салыңыз.
Ілгіштерді 3 бұрандалар және астына қоятын
тығырықтармен сағат тілімен пневматикалық құрал
корпусына бұрап бекітіңіз.
Жүйелік түрде ілгіш күйін және ілгіш аспаптың
ілгегін тексеріңіз.
Ауа жетістіруге қосылу
Ауа қысымы 6,3 бардан (91 пси) төмен болмауына
көз жеткізіңіз, өйткені пневматикалық құрал осы
жұмыс қысымына арналған.
Максималды қуатқа жету үшін шлангтың жарықтағы ені
мен қосылу ойығы көлемі „Техникалық мәліметтер"
кестесінде көрсетілгенлей болуы қажет. Толық қуатты
сақтау үшін шлангтардың максималды ұзындығы 4 м
болуы қажет.
Жеткізілген сығылған ауа бөгде дене мен ылғалдықтан бос
болуы қажет, өйткені пневматикалық құралды
зақымданудан, ластанудан немесе зеңден қорғау қажет.
Ескертпе: Сығылған ауа қызмет көрсету құрылғысын
пайдалану керек. Бұл құрылғы арқылы пневматикалық
құралдың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін.
Қызмет көрсету құрылғысының пайдалану
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен шлангтар
қысым және талап етілген ауа көлеміне сай ретте
орындалуы қажет.
Жеткізу шлангтарының жаншылмауына, иілмеуіне немесе
жартылмауына көз жеткізіңіз!
Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық
құралды қосып қысымды өлшеңіз.
Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы (А
суретін қараңыз)
– Жабатын қақпақты 6 ауа кірісіндегі келте құбырдан
алып қойыңыз.
– Шлангтық келте құбырды 7 ауа кірісінің 5 біріктіретін
келте құбырына бұрап кіргізіңіз.
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 7 ауа
кірісінің 5 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
Bosch Power Tools
– Шланг қамыттарын 13 ауа құйылу шлангында 14
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 7 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың
аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз.
Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен
қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Алмалы-салмалы аспапты 12 аспап патронының 10
квадратынан өткізіңіз. Тоқтатқыш шеңбер 11 алмалы-
салмалы аспап ойығына бұғатталуына көз жеткізіңіз.
Тек сәйкес салынатын жағы бар алмалы-салмалы
аспаптарды пайдаланыңыз („Техникалық мәліметтер"
тарауын қараңыз).
Адаптерді пайдаланбаңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
– Алмалы-салмалы аспапты 12 аспап патронынан 10
төменге шығарыңыз. Бекем орнатылған алмалы-
салмалы аспапты резеңке балғамен жай қағулар
арқылы аздап босатуға болады.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді.
Пневматикалық құралды қосар алдында
орнатылған бұрау бағытына назар аударыңыз. Егер
мысалы, бұранданы шығармақшы болғаныңызда бұрау
бағыты бұранданы бұрап кіргізуге реттелген болса, бұл
пневматикалық құралдың басқарылмауына алып келуі
мүмкін.
Айналу бағыты мен бұрау моментін орнату (В суретін
қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы 4 айналу
бағытын және бұрау моментін реттеуге арналған.
F
„Forward" оңға айналу үшін.
R
„Reverse" солға айналу үшін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын тек
құрылғы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
0 607 450 614
– Оңға айналу: Бұрандалар мен сомындарды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 4
сағат тілімен 1 (ең төмен бұрау моменті), 2 немесе
тірелгенше (ең жоғары бұрау моменті) бұраңыз.
– Солға айналу: Бұрандалар мен сомындарды босату
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 4 сағат
тіліне қарсы бұраңыз.
Қaзақша | 155
3 609 929 C44 | (6.12.13)