Орнатуға қатысты сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына
көз жеткізіңіз.
• Егер оның беріктігі ұзақ уақыт пайдаланудан жеткіліксіз болса, дисплей түсіп кетіп, адамның
жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Кронштейнді орнату жəне шешіп алуы жұмыстарын тек қана білікті техник маман орындауы керек.
• Егер едендік тіреуіш дұрыс орнатылмаса, плазмалық дисплей құлап кетіп, бұзылуы жəне дене
жарақатына себеп болуы мүмкін.
Едендік тіреуішті бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап зақымдалуы мүмкін, нəтижесінде адамды жарақаттауы мүмкін.
Жүкті толық ұстап тұра алмайтын жерге орнатпаңыз.
• Егер орнатылатын жердің беріктігі жеткілікті болмаса, дисплей түсіп кетіп, адамды жарақаттануына
себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы құлап зақымдалуы мүмкін, нəтижесінде адамды жарақаттауы мүмкін.
Едендік тіреуішке шықпаңыз жəне оны баспалдақ ретінде пайдаланбаңыз. (Жас балаларға
бұл дұрыстап ескертілген жөн.)
• Егер құрылғы құласа немесе дұрыс пайдаланбаудан зақымдалса, адамды жарақаттауға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыға тікелей күн сəулесі түсетін жерге жəне қыздыратын жабдықты жанына қоймаңыз.
• Оны орындамау салдарынан материалдардың бүлінуіне, түрін өзгертуіне немесе көлемінің кішіреюіне себеп
болып, күшін жоғалтуы мүмкін, нəтижесінде жабдықтың құлап немесе сынып, адамды жарақаттауы мүмкін.
Жылжыту үшін дөңгелекшелерді пайдаланбаңыз.
• Бұл дөңгелекшелер бастапқы орнатудағы бейімдеу мақсатында пайдаланылады.
• Егер дөңгелекшелер едендік тіреуіш пен плазмалық дисплейді жылжыту үшін пайдаланылса, олар сынып
кетуі жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Едендік тіреуіштің түрі зақымданған немесе бүлінген болса, оны пайдаланбаңыз.
• Егер едендік тіреуішті бүлінген күйінде пайдалансаңыз, дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Мықты, тегіс жерге орнатыңыз.
• Егер бұл нұсқау орындалмаса, құрылғы құлап зақымдалуы мүмкін, нəтижесінде адамды жарақаттауы мүмкін.
Құлатпау шараларын қолданыңыз.
• Жер сілкіністерінен немесе балалардың дисплейге мінуінен дисплейдің құлап түсіп, адамның
жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплей мен едендік тіреуішті орнату немесе орнынан шешу үшін түсіру
құрылғысын (машинаны) пайдаланыңыз жəне бұл жұмысты кемінде төрт кісі орындауы керек.
• Егер төрт кісі болмаса, дисплей түсіп кетіп, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Орнатқан кезде барлық бұрандаларының мықтап тартылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер құрастыру кезінде бұрандалар қатты бекітілуіне дұрыс көңіл бөлінбесе, едендік тіреуіш плазмалық
дисплейді ұстап тұра алмайды, ол құлап, бұзылуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Еден түпқоймасын пайдаланған кезде плазмалық
дисплейдің төменгі беті мен еден бетінің арасында ештеңе қалмасын.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейдің жоғарғы, төменгі, сол жəне оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын
қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да кемінде 15 см бос орын қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Өнім пайдаланылуға жарамсыз болғанда, одан құтылыңыз.
• Əйтпесе оның сынып құлауы жəне адамды жарақаттауына себеп болуы мүмкін.
104