OBJ_BUCH-2154-002.book Page 193 Monday, June 16, 2014 2:55 PM
– Құлаудан сақтауды 25 электр құрал дәл жұмыс
аймағында тұрғанша бұраңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 11 шаңсорғыш
шлангін (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 11
қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(C1–C4 суреттерін қараңыз)
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Алы қырлы бұранданы 35 жинақтағы алты қырлы
дөңбек кілтпен (5 мм) 34 бұрап, шпиндель бекіткішін
27 тірелгенше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 27 басып ұстап бұранданы 35
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 36 шешіңіз.
– Құлыптау қосқышын 15 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 17 тірелгенше артқа қайырыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап ара
дискісін 38 алып қойыңыз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Құлыптау қосқышын 15 басып, тербелуден сақтайтын
қаптаманы 17 тірелгенше артқа қайырып осы күйде
ұстаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 37 орнатыңыз.
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқы қайта
апарыңыз.
– Қысқыш фланец 36 пен бұранданы 35 орнатыңыз.
Шпиндель бұғаттауын 27 тірелгеніше басып бұранданы
сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Май демпферін орнату (D суретін қараңыз)
Комбинациялық кесіктерді аралауда белгілі бұрыш
комбинациясынан (горизонталды еңіс бұрышы > 40 ° мен
бір уақыттағы вертикалды еңіс бұрышы > 25°) бастап май
демпферін 39 орнату керек.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Май демпферін 39 екі бекіткіш бұрандамен 40 крест
тәрізді бұрауыш көмегімен оған арналған манипулятор
мен корпустағы бұрандалы тесіктерге бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (E суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 28 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 14 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 28 босатыңыз.
– Тасымалдау қорғаышын 28 толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Қaзақша | 193
1 609 92A 0HN | (16.6.14)