Бағдарламаны Таңдау - Bosch Sensixx DS38 Instrucciones De Uso

Ocultar thumbs Ver también para Sensixx DS38:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 82
1. Дайындықтар
Жайылатын жақтарын көру
1. Үтіктің артқы жағында орналасқан иінтіректі
артқа тарту арқылы үтікті құлыптау
жүйесінен (3) босатыңыз.
2. Белгісін немесе қорғауыш қаптаманы
табанынан алып қойыңыз.
3. Аспапты көлденеңінен тегіс, тұрақты бетке
қойыңыз. Үтік төсемесін аспаптан алуға
болады және үтікті басқа берік, тұрақты,
көлденең бетке қоюға болады.
4. Су контейнерін толтырған кезде су "max"
деңгей белгісінен жоғары болмауына көз
жеткізіңіз.
5. Желі кабелін (13) толығымен тарқатып
алыңыз және оны жерге тұйықталған
розеткаға жалғаңыз.
6. Қуат түймешесін (10) қосулы күйіне
орнатыңыз.
7. Аспап автоматты түрде "i-Temp Advanced"
бағдарламасына ауысады (3.1 бөлімін
қараңыз). Тиісті индикатор шамы (7)
жыпылықтап, бірнеше минуттан кейін
тұрақты түрде жанып тұрады. Екі дыбыстық
сигнал естіліп, аспаптың пайдаланылуға
дайын екендігін көрсетеді.
Бу генераторы тек бастапқы қыздыру
кезінде немесе қақ кетіру әрекеті
(Calc'nClean) орындалғаннан кейін осы
күйге жету үшін көбірек уақыт қажет етеді.
Су әдеттегі пайдалану барысында
әлдеқашан бу генераторында бар болғанда,
жұмыс температурасына жету үшін қыздыру
уақыты жылдамырақ болады.
8. Бұл аспапта кірістірілген су деңгейінің
датчигі бар. "Су контейнері бос" индикатор
шамы (5) жанады және су контейнері
толуы қажет болғанда үш дыбыстық сигнал
естіледі.
Назар аударыңыз! Егер үтіктеу
бағдарламаларының бірі таңдалған
кезде су контейнері бос болса, мұндай
бағдарламаға сәйкес келетін индикатор
шамы (7) су контейнері толмағанша
жыпылықтайды.
Бұл
• Қалыпты шүмектен алынған суды
пайдалануға болады. Оңтайлы бу
функциясының қызмет мерзімін ұзарту
үшін, шүмектен алынған суды тазартылған
сумен 1:1 арақатынасында араластырыңыз.
* Үлгісіне байланысты
Сіздің аймағыңыздағы шүмектен алынған
су кермек су болса, оны тазартылған сумен
1:2 арақатынасында араластырыңыз.
• Судың кермектілігі туралы жергілікті су
жеткізушісінен білуіңізге болады.
• Су контейнерін аспапты пайдалану
барысында кез келген уақытта толтыруға
болады.
• Су контейнері мен бойлердің зақымдалуын
және/немесе ластануын болдырмау үшін
су контейнеріне парфюм, сірке, крахмал,
қақты кетіргіш заттарды, қоспаларды
немесе химиялық өнімдердің ешқандай
басқа түрін қоспаңыз.
Жоғарыда аталған құралдарды
қолданудан туындаған кез келген
зақымдану кепілдеме күшінің
жойылуына әкеледі.
• Үтік табанында жату үшін жасалмаған.
Оны әрқашан тік күйде үтік төсемесінде (2)
орналастырыңыз.
• Үтік төсемесін аспаптағы арнайы
жасақталған қалтаға немесе үтіктеу
аймағынан тыс тиісті жерге қоюға болады.
Үтікті ешқашан аспаптың үстіне
төсемесіз қоймаңыз!
Алғаш рет пайдалану кезінде үтік белгілі бір
бу мен иісті әрі табанында ақ бөлшектерді
тудыруы мүмкін, бұл қалыпты жағдай және
бірнеше минуттан кейін тоқтайды.
• Буды босату түймешесі басылған кезде, су
контейнері сору дыбысын шығару мүмкін,
бұл қалыпты жағдай судың бу контейнеріне
сорылғанын көрсетеді.
2. Бағдарламаны таңдау
Жайылатын жақтарын көру
Бу станциясында әр түрлі үтіктеу
бағдарламаларын таңдауға арналған
бағдарлама селекторы (9) бар.
Әр бағдарлама таңдалған киім түріне
жарасымды температура мен будың тиісті
тіркесімін автоматты түрде орнатады.
Бағдарлама селекторын бұрау арқылы
үтіктелетін киім мен матаның түрін таңдауға
болады. Тиісті индикатор шамы (7) таңдалған
бағдарлама үшін жарамды температура мен
бу деңгейіне жетпегенше жыпылықтайды.
Осы мезеттен бастап, индикатор шамы
тұрақты жанып тұрады және екі дыбыстық
171
BOS CH
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido