Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Сыртқы Сорғыш; Пайдалану Түрлері - Bosch GKS 65 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GKS 65 Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
OBJ_BUCH-359-005.book Page 154 Wednesday, February 4, 2015 9:52 AM
154 | Қaзақша
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті 20 және аралау дискісін 21
шпиндельден 23 алыңыз.
Аралау дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін 21 және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Аралау дискісін 21 тірек фланеціне 22 орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің
бағыты) қорғағыш қаптамадағы бағыт көрсеткісімен 16
бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті 20 орнатыңыз және қысқыш винтті
19  бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің 22
және тірек фланецтің 20 орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
– Алты қырлы кілтпен 18 қысқыш винтті 19  бағытында
бұрап бекітіңіз. Бекемдеу моменті 6–9 Нм құрауы
керек, бұл қолмен бұрауғ плюс бір айналымға ¼ сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (В суретін қараңыз)
Сору адаптерін 25 жоңқаны сору келте құбырына 15
орнатыңыз. Сору адаптеріне 25 диаметрі 35 мм сору
шлангысын жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
1 609 92A 14U | (4.2.15)
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 25
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін 32 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 26 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 13 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 13 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 26 берік бекемдеңіз.
Цангалық қысқышты 26 жібергеннен кейін аралау
тереңдігін толығымен орнату мүмкін болмаса, онда
цангалық қысқышты 26 арадан тартыңыз және төмен
қарай бұрыңыз. Цангалық қысқышты 26 жіберіңіз. Осы
әрекетті қажет аралау тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Цангалық қысқышты 26 бекемдегеннен кейін аралау
тереңдігін жеткілікті бекіте алмасаңыз, цангалық
қысқышты 26 арадан ары тартыңыз және жоғары қарай
бұрыңыз. Цангалық қысқышты 26 жіберіңіз. Бұл әрекетті
қажет кесу тереңдігін орнатқанша қайталаңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 16 бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қысқыш иінтіректі 8 және құлақты винтті 28 жіберіңіз.
Араны шетке бұрыңыз. Аралау тереңдігінің шкаласында 6
қажет мәнді орнатыңыз. Қысқыш цанганы 8 және құлақты
винтті 28 берік бекемдеңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 27 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
0 аралау бұрышының белгісі° (9) тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45 аралау
бұрышының белгісі° (10) 45° бұрышпен, бағыттауыш
рейканы пайдаланусыз аралау кезіндегі аралау дискісінің
күйін көрсетеді.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gks 65 g professionalGks 65 gce professional

Tabla de contenido