2. Уақытты реттеу үшін « » және « » түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
3. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
4. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде «END»
(«Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш пісіруді тоқтатады
да, дыбыстық сигнал ойнайды. Тоқтату үшін кез келген
түймені басыңыз.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Тағам дайындау режимінің аяқталу уақытын орнату
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру
ұзақтығын орнату керек.
1. Ұзақтықты жоғарыда сипатталғандай орнату үшін
1-ден 3-қадамға дейін орындаңыз.
2. Содан кейін,
түймесін, ДИСПЛЕЙ бетіндегі
белгішесі мен төрт сан жыпылықтай бастағанша,
басыңыз.
3. Уақытты реттеу үшін « » және « » түймелерін
пайдаланыңыз; егер түймелердің бірін басып ұстап
тұрсаңыз, дисплей қалаған мәнді орнатуды оңай әрі
жылдам ете отырып, мәндер бойымен жылдамырақ
айналады.
4. 10 секунд күтіңіз немесе реттеуді аяқтау үшін
түймесін қайта басыңыз.
5. Белгіленген уақыт өткенде ДИСПЛЕЙ бетінде «END»
(«Аяқталды») деген мәтін шығып, пеш пісіруді тоқтатады
да, дыбыстық сигнал ойнайды.Тоқтату үшін кез келген
түймені басыңыз.
Бағдарламалау орнатылып болғанда,
түймелері жанады. ДИСПЛЕЙ пісірудің аяқталу уақыты
мен пісіру ұзақтығын алма-кезек көрсетіп тұрады.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1
сағат орнатылсын. 12:30 аяқталу уақыты ретінде
орнатылады. Бағдарлама сағат 11:30 болғанда
автоматты түрде іске қосылады.
Әрекетті болдырмау
Әрекетті болдырмау үшін:
•
түймесін болдырмайтын параметрге сәйкес келетін
белгіше мен дисплейдегі сандар жыпылықтауын
тоқтатқанша басыңыз. « » түймесін дисплейде 00:00
сандары көрінгенше басыңыз.
• « » және « » түймелерін басып тұрыңыз; бұл
алдыңғы таңдалған параметрлерді, сондай-ақ,
таймер параметрлерін да болдырмайды.
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС аралығында кез келген
температура мәні орнатылуы мүмкін
• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру э лементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда тек
бір тағам дайындау тартпасын пайдаланған дұрыс, бірден
көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі температура
бірдей болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі және астыңғы)
және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы тұрақты
болатындықтан ауа тағамды біркелкі қызартып пісіреді.
Бір уақытта ең көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Бұл режимді
тағамды дайындаудың аяғында қызарт у үшін
пайдалануға болады.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің аса
жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті
жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып,
олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жоғары бет температурасын қажет ететін тағамдарға
грильді пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті,
қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Кейбір мысалдар "Тағам дайындау бойынша кеңес"
параграфында берілген. Осы режимде ас пісіргенде
пештің есігін әрқашанда жабық ұстаңыз.
және
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны
пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы қыздыру
элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің тиімділігін
арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға
көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
! GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдерінде
тағамның қалдықтарын (май сияқты) жинау үшін тұтқалы
табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
KZ
73